22
қыркүйек
2025
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Таза Қазақстан» жобасын қолдау мақсатында №177 мектеп-гимназиясында ерекше форматтағы әлеуметтік э
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Таза Қазақстан» жобасын қолдау мақсатында №177 мектеп-гимназиясында ерекше форматтағы әлеуметтік эксперимент ұйымдастырылды.
Экспериментті мектептің өзін-өзі басқару ұйымы жүргізіп, оқушылар арасында тазалыққа деген көзқарасты анықтауға бағыттады. Шара барысында мектеп аумағындағы тәртіп, тазалыққа деген оқушылардың бейімділігі, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімі бақыланды.
Әлеуметтік эксперименттің негізгі мақсаты – жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, тазалықты сақтау дағдысын дамыту және қоғамдық ортаға деген қамқорлық сезімін ояту болды. Эксперимент барысында оқушылар белсенділік танытып, тазалықтың маңызын түсінуге тырысты.
Осындай тәрбиелік мәні зор бастамалар оқушылардың сана-сезіміне оң әсер етіп, өз ортасына үлгі болуға жетелейді.