Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 17.11.2025 ж. күні ДТЖЖО Бейсембекова Ш.Н., Н.Н.Сәмбетбай және мектеп инспекторы, полицияның аға лейтенанты Кыркабаев А.А. оқушылармен кең көлемді кез
17
қараша
2025

17.11.2025 ж. күні ДТЖЖО Бейсембекова Ш.Н., Н.Н.Сәмбетбай және мектеп инспекторы, полицияның аға лейтенанты Кыркабаев А.А. оқушылармен кең көлемді кез

17.11.2025 ж. күні ДТЖЖО Бейсембекова Ш.Н., Н.Н.Сәмбетбай және мектеп инспекторы, полицияның аға лейтенанты Кыркабаев А.А. оқушылармен кең көлемді кездесу өткізіп, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, интернет желісіндегі негізгі қауіп-қатерлер, жеке деректердің құпиялылығын сақтау, цифрлық мәдениетті қалыптастырудың маңызы кеңінен талқыланды. Сондай-ақ оқушылардың қауіпсіз онлайн мінез-құлық дағдыларын дамытуға бағытталған ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар олар мектептің бірнеше сыныптарын аралап, оқушылардың жалпы тәртібі, мектеп формасын сақтау талаптары және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға құқықтық жауапкершілік, қоғамдық орындардағы тәртіп, өзара сыйластық пен қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы егжей-тегжейлі айтылды.
Кездесу оқушылардың саналы, қауіпсіз және жауапты азамат болып қалыптасуына бағытталған маңызды іс-шара ретінде өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: