24
қараша
2025
Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл
📌Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай 177 мектеп-гимназиясының📚 кітапханасында «Оян, қазақ!» атты деректі фильм көрсетіліп, оған 5 «Г» сынып оқушылары қатысты. Шара барысында оқушылар Алаш қайраткерінің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат алып, оның халқымыздың сауаттылығы мен дербестігі жолындағы ерең еңбегімен танысты. Фильм көрермендерге М.Дулатовтың ұлт болашағына арналған ой-толғаныстарын терең түсінуге мүмкіндік берді. Шара соңында оқушылар" Ұлт руханияттың шамшырағы"атты көрме мен танысып,өз әсерлерін бөлісіп, тарихи тұлғаның еңбегіне деген құрметтерін білдірді.