Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қоғамдық тәртіп пен наркоманиядан аулақ болу – жасөспірімнің жауапкершілігі»
26
қараша
2025

«Қоғамдық тәртіп пен наркоманиядан аулақ болу – жасөспірімнің жауапкершілігі»

Мектебімізде 9, 10, 11-сынып ұлдарына арналған «Қоғамдық тәртіп пен наркоманиядан аулақ болу – жасөспірімнің жауапкершілігі» тақырыбында жиналыс өткізілді. Бұл жиналыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдердің тәртіпке қатысты жауапкершілігін арттыру, қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін түсіндіру, құқықтық сауаттылықты көтеру, теріс әрекеттер мен есірткіге тәуелділіктің алдын алу болды.

Жиналысқа арнайы мектеп инспекторы, полицияның аға лейтенанты Кыркабаев А.А. қатысып, оқушыларға қоғамдық тәртіптің маңыздылығы, құқық бұзушылықтың салдары, есірткі заттарының адам өмірі мен денсаулығына тигізетін зияны жөнінде нақты кеңестер берді. Сонымен қатар, мектеп директоры Т.Т. Танатов оқушыларға тәртіптің, мектеп мәдениетінің, азаматтық жауапкершіліктің және есірткіге қарсы саналы өмір салтының маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында қоғамдық тәртіпті бұзу деген ұғым, құқық бұзушылыққа жататын әрекеттер, әкімшілік және құқықтық жауапкершілік мәселелері жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, наркомания мен есірткіге тәуелділіктің теріс әсері, жасөспірімнің денсаулығы мен болашағына қауіп төндіретіні айтылды. Оқушылар жанжалдан аулақ болу, құрдастарымен және үлкендермен сыйластықпен қарым-қатынас жасау, мәдениетті мінез-құлықты сақтау және зиянды әдеттерден аулақ болу қажеттілігі туралы өз ойларын ортаға салды.

Бұл кездесу жасөспірімдердің азаматтық санасын қалыптастыруға, қоғамдық мәдениетті нығайтуға, тәртіпке бағынудың маңызын түсіндіруге және есірткіге қарсы дұрыс көзқарас қалыптастыруға зор ықпал етті. Полицияның аға лейтенанты Кыркабаев А.А. және мектеп директоры Т.Т. Танатовтың қатысуы жастарға құқықтық, моральдық және денсаулыққа жауапкершілік берудің маңыздылығын арттырды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: