22
желтоқсан
2025
«Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің маманы Еркеш Садыковна Жакуповна мен 9 сынып білім алушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмы
22.12.2025 жылы мектебімізде «Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің маманы Еркеш Садыковна Жакуповна мен 9 сынып білім алушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты – оқушыларды еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру, кәсіби бағдар беру және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыттау.Іс-шара барысында оқушыларға жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы, мемлекеттік қолдау шаралары және еңбек мобильділігі бағдарламалары туралы ақпарат берілді.

