Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Рахмет саған, Әліппе» атты әліппемен қоштасу мерекелік кеші өтті.
22
желтоқсан
2025

«Рахмет саған, Әліппе» атты әліппемен қоштасу мерекелік кеші өтті.

177 мектеп-гимназиясында
1 «Е» сыныбында
«Рахмет саған, Әліппе» атты әліппемен қоштасу мерекелік кеші өтті.
Бұл мерекелік кештің басты мақсаты: оқушылардың алғашқы оқулығы Әліппенің бала өміріндегі ерекше орнын таныту, бірінші сыныпта алған білімдерін қорытындылау және оқуға деген ынтасын арттыру.
Міндеттері:
•Оқушылардың сауат ашу барысында меңгерген білімдерін көрсету;
•Әріптер мен дыбыстарды дұрыс танып, еркін оқи білу дағдыларын дамыту;
•Кітапты қадірлеуге, білімге құштар болуға тәрбиелеу;
•Ұстаз еңбегін бағалауға, ата-анаға құрмет көрсетуге баулу;
•Оқушылардың сахналық мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Мерекелік кеш барысында
1 «Е» сынып оқушылары тақпақтар айтып, ән шырқап, көріністер көрсетті. Әліппемен қоштасу сәтінде балалар әр әріптің маңызын түсініп, алған білімдерін мақтанышпен көрсете білді. Кеш өте әсерлі, көтеріңкі көңіл күйде өтті.
Сынып жетекшісі: Байтулеева Нағима Мадиярбекқызы




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: