Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Отбасылық құндылықтар және ұлттық тәрбие» тақырыбында Даналық мектебінің кезекті ата-аналар жиналысы өткізілді.
21
қаңтар
2026

«Отбасылық құндылықтар және ұлттық тәрбие» тақырыбында Даналық мектебінің кезекті ата-аналар жиналысы өткізілді.

2026 жылдың 21 қаңтарында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы аясында «Отбасылық құндылықтар және ұлттық тәрбие» тақырыбында Даналық мектебінің кезекті ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналыс барысында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында мектеп психологтары Крамова Алия Капслямовна мен Рейпназарова Лаура Камиловна «Эмоция арқылы өз жұбыңды тап» атты жаттығуды ұйымдастырды.

Негізгі бөлімде «Отбасылық құндылықтар және ұлттық тәрбие – ұлт болашағының негізі» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Катифова Жанат және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Бейсембекова Шынар Нуралиевна сөз сөйлеп, оқушылардың мектептегі тәртібі мен киім үлгісіне қатысты өзекті мәселелерге тоқталды.

Одан әрі отбасылық құндылықтар мен бала эмоциясының өзара байланысы негізінде мектеп психологтары ата-аналармен «Жүректі әртүрлі эмоциямен толықтыр» тақырыбында топтық арт-терапиялық жаттығу өткізді.

Жиналыс соңында ата-аналармен сұрақ-жауап форматында ашық диалог ұйымдастырылып, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар беріліп, тәрбиелік бағытта ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар Психологиялық қолдау орталығы тарапынан дайындалған ақпараттық жаднамалар ата-аналарға таратылды.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: