09
ақпан
2026
6 «А» сыныбында «Тірі табиғаттағы үдерістер» тақырыбында ашық сабақ өтті.
09.02.2026 жаратылыстану пәні мұғалімі Ахметханова И.Б 6 «А» сыныбында «Тірі табиғаттағы үдерістер» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ мақсаты: ағзадан бөлініп шығатын өнімдерді атау.
Сабақ барысында оқушылар тірі ағзалардағы бөліп шығару үдерістерінің маңызын түсініп, аммиак, несепнәр, несеп қышқылы сияқты бөліп шығару өнімдерімен танысты. Әртүрлі ағзалардың қажетсіз заттарды қалай шығаратынын салыстырып, мысалдар келтірді.
Оқушылар топтық жұмыстар орындап, постер қорғау арқылы өз білімдерін көрсетті. Практикалық тапсырмалар мен ойлануға арналған сұрақтар оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға ықпал етті. Сабақта белсенділік жоғары болып, оқушылар пікір алмасып, өз ойларын еркін жеткізе білді.
Интерактивті әдістер мен көрнекі материалдарды қолдану сабақтың мазмұнды әрі қызықты өтуіне мүмкіндік берді.