16
сәуір
2026
Мектебімізде 8-сынып оқушылары арасында «Беу қыздар-ай» атты көркем әрі тәрбиелік мәні зор байқау жоғары деңгейде өтті.
Бүгін мектебімізде 8-сынып оқушылары арасында «Беу қыздар-ай» атты көркем әрі тәрбиелік мәні зор байқау жоғары деңгейде өтті. Бұл шара қыздардың өнерін шыңдап, олардың жан-жақтылығын, талғамы мен шығармашылығын дамытуға бағытталды.
Байқау барысында қатысушылар өздерінің бойындағы өнерлерін жан-жақты көрсете білді. Атап айтқанда, қыздар қолөнер бұйымдарын таныстырып, ұлттық нақыштағы жұмыстарымен ерекшеленді. Сонымен қатар, әсем ән шырқап, мың бұрала билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сән үлгісі кезеңінде қатысушылар заманауи және ұлттық киімдерді үйлестіре отырып, өз талғамдары мен стильдерін паш етті.
Бұл байқау қыздардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастырып қана қоймай, олардың өзіне деген сенімділігін арттырып, сахна мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосты.
Аталған іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына көркем еңбек пәні мұғалімі Ақылбекова Шолпан жауапты болып, өз ісіне деген кәсіби шеберлігі мен шығармашылығын көрсете білді.
Осындай мазмұнды шаралар жас ұрпақтың өнерге деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге жол ашады.