13
сәуір
2026
6 «Ә» сыныбында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
13.04.2026ж күні 6 «Ә» сыныбында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді.Іс-шара барысында оқушылар мемлекеттік тілдің қоғамдағы маңызы туралы өз ой-пікірлерін ортаға салып, ана тіліміздің байлығы мен көркемдігін насихаттайтын өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып, түрлі қызықты әрі танымдық тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің ұлт болашағындағы алатын орны, ел бірлігін нығайтудағы маңызы туралы түсініктерін кеңейтіп, тілге деген құрметтерін көрсетті.Оқушылар іс-шараға белсенді қатысып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін таныта білді. Ұжымдық жұмыс барысында бір-бірін тыңдап, өзара сыйластық пен ынтымақтастықтың үлгісін көрсетті.
Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлі мен маңызын түсіндіру, ана тіліне деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, тілдің мәртебесін арттыруға бағыттау. Сонымен қатар, ана тілін қадірлеуге, оны дамытуға тәрбиелеу және тіл арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Аталған іс-шара тәрбиелік мәні жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыруға, тіл мәдениетін дамытуға және патриоттық сезімдерін қалыптастыруға оң ықпал етті. Сынып жетекшісі: Шолпанкулова Г. #МемлекеттікТіл
#МеніңТілім
#АнаТілі
#ТілҚұрметі
#ТілМәртебесі
#ҰлттықҚұндылықтар
#ТәрбиеСағаты
#СыныптанТысІсШара
#МектепӨмірі
#БілімБеружәнеТәрбие
#ПатриоттықТәрбие
#ТілМәдениеті
#ОқушыларШығармашылығы
#ҰлтБолашағы