25
сәуір
2026
№177 мектеп-гимназия ұжымы республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілікке белсене қатысты.
25.04.2026 жылы №177 мектеп-гимназия ұжымы республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілікке белсене қатысты. Аталған шара Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен ұйымдастырылып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаттарын насихаттауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға бағытталған.
Сенбілік барысында мектеп ұжымы өздеріне бекітілген аумақта санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, мектеп ауласы мен оған іргелес аймақтарды қоқыстан тазартты, абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысты. Іс-шара «Таза қала – таза мектеп – таза Қазақстан» ұранымен өтті.
Ұжымдық еңбектің нәтижесінде мектеп аумағы көркейіп, тазалық пен тәртіп нығайтылды. Осындай игі шаралар өскелең ұрпақтың бойында экологиялық жауапкершілікті, патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға үлкен үлес қосады.