Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақтың белгілі ақыны, композиторы және драматургі Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ән ғұмырдың иесі» атты қалалық сынып сағаты өткіз
14
мамыр
2026

Қазақтың белгілі ақыны, композиторы және драматургі Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ән ғұмырдың иесі» атты қалалық сынып сағаты өткіз

14.05.2026ж. күні Қазақтың белгілі ақыны, композиторы және драматургі Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ән ғұмырдың иесі» атты қалалық сынып сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Бәкір Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан зор үлесін насихаттау, ұлттық өнерге деген құрмет сезімін қалыптастыру, сондай-ақ жас ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру болды.

Сынып сағаты барысында оқушылар ақынның өмір жолымен, шығармашылық қызметімен танысып, оның халық жүрегінен орын алған әндері мен туындылары туралы мәліметтер алды. Сонымен қатар, ақын сөзіне жазылған әндер орындалып, шығармаларынан үзінділер оқылды. Оқушылар Бәкір Тәжібаевтың қазақ өнері мен әдебиетінің дамуына қосқан еңбегі туралы өз ойларын ортаға салды.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, өнерге қызығушылықты арттыру және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Сынып сағаты тағылымды әрі әсерлі түрде өтіп, қатысушыларға рухани тәрбие мен патриоттық сезім сыйлады.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: