Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2 «Б», «В», «Г», «Ж» сынып оқушыларының қатысуымен «Отбасылық құндылықтар және ұлттық тәрбие» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
14
мамыр
2026

2 «Б», «В», «Г», «Ж» сынып оқушыларының қатысуымен «Отбасылық құндылықтар және ұлттық тәрбие» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Алматы қаласы Жетісу ауданы №177 мектеп-гимназиясында 2 «Б», «В», «Г», «Ж» сынып оқушыларының қатысуымен «Отбасылық құндылықтар және ұлттық тәрбие» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушыларға отбасының қоғамдағы рөлі, ата-анаға құрмет көрсету, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, ұлттық салт-дәстүрлер мен адамгершілік құндылықтардың маңызы туралы кеңінен түсіндірілді. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, отбасы туралы мақал-мәтелдер айтып, ұлттық тәрбиенің адам өміріндегі орны жөнінде пікір алмасты.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойына отбасылық құндылықтарды сіңіру, ұлттық тәрбие арқылы адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, ата-анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау және отбасы бірлігінің маңызын түсіндіру.

Дөңгелек үстел оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мазмұнды іс-шаралардың бірі болды.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: