14
мамыр
2026
Бастауыш — білімнің алғашқы баспалдағы, балалық шақтың ең бақытты кезеңі.

14.05.2026 күні №177 мектеп-гимназиясының 4 "А"сынып оқушылары бастауышпен қоштасуға арналған «Қош бол, бастауыш!» атты мерекелік іс-шара өткізді. Кеш барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мерекелік кештің басты мақсаты — оқушылардың 4 жыл бойы алған білімдерін, жетістіктерін дәріптеп, ұстаздарына деген алғыс пен құрметтерін білдіру болды. Сонымен қатар ата-аналарға жүрекжарды тілектер айтылып, әсерлі естеліктермен бөлісті.
Бастауышта өткен әрбір сәт, алғашқы әріп пен алғашқы жетістік оқушылардың жүрегінде мәңгі сақталары анық.
Сынып жетекшісі:Джунусбекова Нургуль Айдаровна