02
маусым
2026
«Жақсылық жасап жарысайық» тренингі
«Жақсылық жасап жарысайық» тренингі
📍177 мектеп-гимназиясы «Асыл мұра» жазғы лагері
👥 Тренинг жүргізушілері: Ахметжанова Г., Кеңесбек Г.
🎯 Мақсаты: Оқушылардың бойында мейірімділік, жанашырлық, сыйластық қасиеттерін қалыптастыру, адамгершілік құндылықтарды дәріптеу және күнделікті өмірде жақсылық жасауға ынталандыру.
Тренинг барысында оқушылар «Жылы лебіз» шеңберіне қатысып, жақсылықтың мәні туралы ой бөлісті. Топтық жұмыстар мен жағдаяттық тапсырмалар арқылы өзгелерге көмек көрсету, қолдау білдіру, құрмет таныту сияқты ізгі қасиеттердің маңызын түсінді. Сондай-ақ «Жақсылық эстафетасы» ойыны мен «Құпия жақсылық» тапсырмасы арқылы жақсы істер жасауға уәде берді.
Қорытындысында әр оқушы өзінің қандай жақсылық жасайтынын анықтап, «Жақсылық ағашына» жүрекжарды тілектері мен ойларын жазды.
«Жақсылық жасау үшін көп нәрсе қажет емес. Бір жылы сөз, бір шынайы көмек, бір ізгі әрекет адамның көңілін көтеріп, өмірін жақсы жаққа өзгерте алады.»
#ЖақсылықЖасапЖарысайық #АсылМұра #177МектепГимназия #ЖазғыЛагерь #ТәрбиеЖұмысы #Мейірімділік #Жанашырлық #Адамгершілік #Құндылықтар #Жақсылық #БалаларТәрбиесі #МектепӨмірі