04
маусым
2026
«Туым – тұғырым» көрмесі.
«Туым – тұғырым» көрмесі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай мектеп жанынан ашылған «Асыл мұра» лагерінің оқушылары «Туым – тұғырым» атты көрме ұйымдастырды.
Көрменің негізгі мақсаты – оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру, ел тарихы мен ұлттық құндылықтарды насихаттау, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Көрме барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының маңызын бейнелейтін суреттер, қолөнер бұйымдары мен шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Әрбір жұмыс балалардың туған еліне деген сүйіспеншілігін, мемлекеттік рәміздерге деген ерекше құрметін көрсетті.
Мемлекеттік Ту – тәуелсіздігіміздің, бірлігіміздің және жарқын болашағымыздың символы. Осындай тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар арқылы өскелең ұрпақтың елге, жерге деген мақтаныш сезімі артып, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиеленеді.
🇰🇿 Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі, халық мақтанышы! #Алматы АдалАзамат
#4Маусым РәміздерКүні
#oqu_agartu_ministrlig
#adistemelik_ortalyq_ Almaty #ПатриоттықТәрбие #БіртұтасТәрбие #АдалАзамат #ЖасҰрпақ #177МектепГимназия #Алматы #ЖетісуАуданы