Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Таза бейсенбі» күніне орай тазалық жұмыстары
27
қараша
2025
«Таза бейсенбі» күніне орай тазалық жұмыстары
6 «А» сыныбында «Таза бейсенбі» күніне орай тазалық жұмыстары өтті. 🌿✨ Балалар сынып аумағын жинастырып, тазалықты сақтаудың маңызын тағы бір түсінді. Осындай іс-шаралар арқылы оқушыларымыз жауапкершілікке, табиғатты аялауға тәрбиеленеді.
Дебат. Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы.
27
қараша
2025
Дебат. Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы.
21 қараша күні Тарих апталығы аясында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығын атап өту мақсатында мектебімізде 9-сынып оқушылары арасында АПФ форматында көрсетілім дебат ойыны ұйымдастырылды. Дебат тақырыбы ретінде қазіргі таңда өзекті болып саналатын «Ұлы Отан соғысы деген ұғымды II Дүниежүзілік соғыс деген атпен алмастыру дұрыс па?» деген қарар таңдалды. Ойын өте тартысты әрі қызықты өтті. Қатысушылар өз дәлелдерін жан-жақты талдап, тарихи деректер мен қазіргі көзқарастарды салыстыра отырып пікір
3–4 сынып ұлдарына жиналыс өткізілді.
27
қараша
2025
3–4 сынып ұлдарына жиналыс өткізілді.
27.11.2025ж. күні 3–4 сынып ұлдарына арнайы жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында ер балаға тән қасиеттер – батылдық, жауапкершілік, әдептілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты маңызды құндылықтар туралы түсіндірілді. Балалардың тұлғалық дамуына бағытталған мұндай әңгімелер олардың мінез-құлқын нығайтып, өзіне деген сенімін арттыруға ықпал етеді. Жиналыс сонында оқушыларға анимационды видео көрсетілді.
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты халықаралық науқан
27
қараша
2025
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты халықаралық науқан
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты халықаралық науқан аясында №177 мектеп-гимназиясында тәрбиелік маңызы бар жұмыс жүргізілді. Оның мақсаты – оқушыларға зорлық-зомбылықтың алдын алу, адам құқығын құрметтеу, өзара сыйластық пен мейірімділікті нығайту болды. Оқушыларға зорлық-зомбылықтың түрлері, оның адамға және қоғамға тигізетін кері әсерлері туралы ақпарат беріліп, өз қауіпсіздігін қорғау жолдары түсіндірілді. Балалар бір-бірін қолдаудың, әділдік пен адамгершіліктің өмірдегі
Қауіпсіздік сабағы
27
қараша
2025
Қауіпсіздік сабағы
6 «В» сынып оқушыларына қауіпсіздік сабағы өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелері, төтенше жағдайдағы әрекет ету жолдары және жеке жауапкершілік туралы маңызды мәліметтер берілді.
Таза Қазақстан
27
қараша
2025
Таза Қазақстан
27.11.2025 ж 8 “И” сынып оқушылары мектеп дәлізіндегі гүлдерге күтім жасады. Мақсаты: Мектеп дәлізіндегі гүлдерге күтім жасау арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және мектеп ортасын көріктендіру. Сынып жетекшісі: Токтарбаева А.Б Экопост жетекшісі:Жидебаева А.Е
"Бала құқығы"
27
қараша
2025
"Бала құқығы"
Оқушылардың құқықтық білімдерін толықтыру өз пікірін айтуға құқылы екендігін, құқықтық білім әр адамның міндетті біліп жүретін қағидасы екендігін ұғындыру мақсатында 6 "А" сыныбы оқушыларына 27 қараша күні тарих пәнінің мұғалімі Сабитова Ж.С. "Бала құқығы" тақырыбында сабақ өткізді.
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай өткізілген қалалық сурет байқауы
26
қараша
2025
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай өткізілген қалалық сурет байқауы
Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың  ғылыми әдістемелік орталығы ұйымдастырған Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай сурет байқауында 10-сынып оқушысы Назан Інжу ІІІ орынмен марапатталды, жетекшісі Акылбекова Шолпан.  
«Қоғамдық тәртіп пен наркоманиядан аулақ болу – жасөспірімнің жауапкершілігі»
26
қараша
2025
«Қоғамдық тәртіп пен наркоманиядан аулақ болу – жасөспірімнің
Мектебімізде 9, 10, 11-сынып ұлдарына арналған «Қоғамдық тәртіп пен наркоманиядан аулақ болу – жасөспірімнің жауапкершілігі» тақырыбында жиналыс өткізілді. Бұл жиналыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдердің тәртіпке қатысты жауапкершілігін арттыру, қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін түсіндіру, құқықтық сауаттылықты көтеру, теріс әрекеттер мен есірткіге тәуелділіктің алдын алу болды. Жиналысқа арнайы мектеп инспекторы, полицияның аға лейтенанты Кыркабаев А.А. қатысып, оқушыларға қоғамдық
Бақытты отбасы!
26
қараша
2025
Бақытты отбасы!
5 «Г» сынып оқушылары «Бақытты отбасы» тақырыбында тамаша жұмыс жасады🌟 Балалар өз қолдарымен сурет салып, отбасымен бірге түскен видео мен фотоларды жинап, керемет клип жасады. Әр отбасындағы жылулық, қуаныш пен сүйіспеншілікке толы сәттер экран арқылы сезіліп тұр. Отбасы — біздің ең үлкен байлығымыз! ❤️