Оқушылардың еңбексүйгіштікке, тазалық пен ұқыптылыққа деген
Оқушылардың еңбексүйгіштікке, тазалық пен ұқыптылыққа деген жауапкершілігін арттыру, мектеп аумағын және оқу кабинеттерін таза ұстауға тәрбиелеу мақсатында №177 мектеп-гимназиясында «Таза бейсенбі» күні өткізіледі. Бұл іс-шара арқылы оқушылар қоршаған ортаны қорғау, ұжымдық жұмыс жасау, өз еңбегін бағалау және табиғатты аялау дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар, мектеп мәдениетін көтеріп, салауатты әрі таза орта қалыптастыруға үлес қосады.