Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
10 «Г» сыныбының ұйымдастыруымен «Ізгілік нұры, алғыс шуағы» атты мерекелік концерт өтті ✨
27
ақпан
2026
10 «Г» сыныбының ұйымдастыруымен «Ізгілік нұры, алғыс шуағы» атты
27.02 күні 10 «Г» сыныбының ұйымдастыруымен «Ізгілік нұры, алғыс шуағы» атты мерекелік концерт өтті ✨ Концертке ұстаздар, ата-аналар және оқушылар қатысып, мерекенің шынайы жылуын бірге сезінді. Кеш барысында қазақ биі және ретро би, гитара сүйемелдеуімен орындалған ән, әсерлі көрініс, жүрекке жеткен хор және алғысқа толы өлеңдер оқылды. Әрбір нөмір ризашылық пен мейірімнің, құрмет пен сыйластықтың айқын көрінісіне айналды. Жүректерге жылу сыйлаған ерекше кеш болды 🤍 #ІзгілікНұры #АлғысШуағы
«Қазақ халқының салт- дәстүрлері: бесікке салу, тұсау кесер» тақырыбында  тәрбие шарасы  өтті.
27
ақпан
2026
«Қазақ халқының салт- дәстүрлері: бесікке салу, тұсау кесер»
27.02.2026 ж.күні №177 мектеп-гимназиясында 8 «Ә»- сыныптар арасында «Қазақ халқының салт- дәстүрлері: бесікке салу, тұсау кесер» тақырыбында тәрбие шарасы өтті. Тәрбие шарасының мақсаты «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт — дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт — дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына
Республикалық математикалық "Алтын Түлек"  олимпиадасының қалалық кезең жеңімпаздары
27
ақпан
2026
Республикалық математикалық "Алтын Түлек" олимпиадасының қалалық
Зерделі мектебі мен Алматы қаласы дарынды және талантты  балаларға арналған орталықпен бірлесе отырып ұйымдастырған республикалық математика пәні бойынша  " Алтын Түлек " олимпиадасынан 10- сынып оқушысы Думанұлы Бауыржан 2 орын алды, жетекшісі:  Азизова Гүлсара және 11 - сынып оқушысы Аскерова Асылай - 2 орын алды, жетекшісі: Жабаева Айгүл
Кітапхана – білімнің ордасы.
27
ақпан
2026
Кітапхана – білімнің ордасы.
3 "Е" сынып оқушылары бос уақытында кітапханаға барып, әртүрлі қызықты кітаптар оқиды. Кейбіреулері ертегілерді ұнатса, енді бірі ғылыми немесе тарихи кітаптарды таңдайды. Кітап оқу арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейіп, сөздік қоры молаяды. Сонымен қатар, олар тыныштық сақтап, кітапхана ережелерін құрметтеуді үйренеді. Кітапханаға жиі барып кітап оқыған оқушылар сабақты жақсы түсініп, білімді әрі тәрбиелі болып өседі.
Жұма - ұлттық киім күні!
27
ақпан
2026
Жұма - ұлттық киім күні!
Ұлттық киім күні – мектеп өміріндегі тәрбиелік маңызы зор шара. Мұндай мерекелер жас ұрпақтың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттырады.
Мектебіміздің  әр бейсенбісі “Тазалық күні” – бұл айналаны таза ұстауға арналған ерекше күн.
26
ақпан
2026
Мектебіміздің әр бейсенбісі “Тазалық күні” – бұл айналаны таза
Мектебіміздің  әр бейсенбісі “Тазалық күні” – бұл айналаны таза ұстауға арналған ерекше күн. Бұл күні оқушылар сынып бөлмесін жинап, парталарын сүртіп, өз заттарын ретке келтіреді. “Тазалық күні” балаларды ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке және табиғатты аялауға тәрбиелейді. Тазалықты сақтау – әр адамның міндеті. Тазалық атқарған сыныптар: 2 "Ғ", 3 "Е", 4 "Ғ" Сынып жетекшісі: Масимбаева Г.М, Молдабаева А.,  Мукыжанова А.А.
"Алтын қазына" қалалық көркем және сәндік қолданбалы өнер байқауы бойынша
26
ақпан
2026
"Алтын қазына" қалалық көркем және сәндік қолданбалы өнер байқауы
"Алтын қазына" қалалық көркем және сәндік қолданбалы өнер бойынша 9-сынып оқушысы Дәулеткелді Құралай және 8-сынып оқушысы Дәкен Айназ 3 орын ДИПЛОММЕН және арнайы сыйлықтармен марапатталды. 8-сынып оқушылары Талғатқызы Жанель және Келгенбай Еркежан ДИПЛОММЕН және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Жетекшісі: Акылбекова Шолпан
Таза Қазақстан! Таза мектеп!
26
ақпан
2026
Таза Қазақстан! Таза мектеп!
Таза мектеп – бұл оқушылар мен мұғалімдерге қауіпсіз, жайлы және денсаулыққа пайдалы орта. Мектептің тазалығы – тәртіптің, мәдениеттіліктің және жауапкершіліктің белгісі. 🌿 Таза мектептің маңызы Денсаулықты сақтайды Оқуға деген ынтаны арттырады Жақсы көңіл-күй қалыптастырады Қоршаған ортаны қорғауға үйретеді 🧹 Мектепті таза ұстау жолдары Сынып бөлмесін күнделікті жинау Қоқысты арнайы жәшікке тастау Парталар мен тақтаны таза ұстау 5 "Е" сынып оқушылары №110, №114 кабинеттерде тазалық жұмыстарын
Қайырымдылық — адамгершіліктің айқын көрінісі.
25
ақпан
2026
Қайырымдылық — адамгершіліктің айқын көрінісі.
Қайырымдылық — адамгершіліктің айқын көрінісі. Осы орайда ұйымдастырылған қайырымдылық акциясына 5 "Е" сынып оқушылары белсене қатысып, мейірімділік пен жанашырлықтың үлгісін көрсетті. Олар мұқтаж жандарға көмек қолын созып, игі іске өз үлестерін қосты. Оқушылардың бұл әрекеті — үлкенге құрмет, кішіге қамқор болудың, бірлік пен жауапкершіліктің айғағы. Осындай игі бастамалар жас ұрпақтың жүрегінде ізгілік пен отансүйгіштік сезімін қалыптастырады. #177мг #5Е_сынып #қайырымдылық_акциясы
10 сыныптар арасында "Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!" тақырыбында іс-шара өтті.
25
ақпан
2026
10 сыныптар арасында "Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!" тақырыбында
№177 мектеп-гимназиясында 25 ақпан күні 10 сыныптар арасында "Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!" тақырыбында әйелдерге және өзге де зорлық-зомбылық түрлеріне қарсы құқықтық сауаттылықты арттыру мен төзімділікті қалыптастыру бойынша іс-шара өтті. Іс-шара барысында білім алушылар эссе жазып, суреттер салып қоғамда болып жатқан адамдыққа жат дүниелер туралы ойларын ортаға салып ой бөлісті. Өткізген: тарих пәні мұғалімдері Танакозова У.А., Исаев Н.Қ.