Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектепте келеңсіз жағдайларды болдырмау
08
қыркүйек
2025
Мектепте келеңсіз жағдайларды болдырмау
Мектепте келеңсіз жағдайларды болдырмау
Таза Қазақстан жобасы аясында мектебімізде “Таза бейсенбі”
04
қыркүйек
2025
Таза Қазақстан жобасы аясында мектебімізде “Таза бейсенбі”
Таза Қазақстан жобасы аясында мектебімізде “Таза бейсенбі” күніне орай оқу кабинеттерінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Оқушылар мен мұғалімдер таза әрі жайлы орта қалыптастыруға белсенді қатысты. Тазалық — денсаулық кепілі!
Құқықбұзушылықтың алдын алу
03
қыркүйек
2025
Құқықбұзушылықтың алдын алу
Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында №177 мектеп-гимназиясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Сәмбетбай Нұрдаулет, Бейсембекова Шынар және мектеп инспекторы Кыркабаев Айдын оқушылармен түсіндірме жұмысын жүргізді. Шара барысында оқушыларға құқықтық тәртіп, жауапкершілік және қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Мақсат – құқықбұзушылықтың алдын алып, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
«Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сынып сағаттары
02
қыркүйек
2025
«Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сынып сағаттары
№177 мектеп-гимназиясында 1 қыркүйек – Білім күніне орай барлық сыныптарда «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 10 минуттық түсіндірме жұмысы жүргізіліп, оқушыларға тәртіп пен заңға бағынудың маңызы түсіндірілді.
Білім күні – 1 Қыркүйек
01
қыркүйек
2025
Білім күні – 1 Қыркүйек
Білім күні – 1 Қыркүйек №177 мектеп-гимназиясында «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты алғашқы қоңырау өтті! Биыл мектебіміздің табалдырығын 307 бүлдіршін алғаш рет аттап, 1-сыныпқа қадам басты. Бұл – әр оқушының жаңа бастамасы, армандарға бастар білім жолының алғашқы қадамы. Барша оқушыларға шабыт, ұстаздарға табыс тілейміз! #1қыркүйек #БілімКүні #АлғашқыҚоңырау #МектебімМейірімМекені
“Абай атамыздың  ақылы- бізге үлгі”
01
қыркүйек
2025
“Абай атамыздың ақылы- бізге үлгі”
“Абай атамыздың ақылы- бізге үлгі” тақырыбы бойынша 177 мектеп-гимназиясының 1 сынып оқушылары шағын көрніс көрсетті. Мақсаты: – Оқушыларға Абай Құнанбайұлының шығармашылығын жас ерекшеліктеріне сай таныстыру; – Абайдың қара сөздері мен өлеңдері арқылы адамгершілікке, еңбекке, білімге деген қызығушылықтарын арттыру; – Балалардың сөйлеу, көркем орындау қабілеттерін дамыту; – Ұлы тұлғаға деген құрмет пен ұлттық рухты таныстыру ​https://youtu.be/FWcxPePXxdQ​​​