Ұстаз фильмі
Ілияс – беделді математика пәнінің маманы. Анасының сырқатына байланысты ол Алматыдан өз туған ауылына қайтуға мәжбүр болады. Ауыл мектебіндегі 11-сынып оқушыларына ешкім үміт артпайды, олардың ҰБТ-дан құлайтынына ешкім күмәнданбайды. Ілияс бұл сыныпқа тек ҰБТ-ны тапсыруды ғана емес, өз күштеріне деген сенімділікті арттыруға, өзара қарым-қатынасты жақсартуға және балалардың басқа да әлеуметтік мәселелерін шешуге көмектесуге тырысады. Фильмде интернетке тәуелділік, дұрыс мамандық таңдаудың