Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Білім күні – 1 Қыркүйек
01
қыркүйек
2025
Білім күні – 1 Қыркүйек
Білім күні – 1 Қыркүйек №177 мектеп-гимназиясында «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты алғашқы қоңырау өтті! Биыл мектебіміздің табалдырығын 307 бүлдіршін алғаш рет аттап, 1-сыныпқа қадам басты. Бұл – әр оқушының жаңа бастамасы, армандарға бастар білім жолының алғашқы қадамы. Барша оқушыларға шабыт, ұстаздарға табыс тілейміз! #1қыркүйек #БілімКүні #АлғашқыҚоңырау #МектебімМейірімМекені
“Абай атамыздың  ақылы- бізге үлгі”
01
қыркүйек
2025
“Абай атамыздың ақылы- бізге үлгі”
“Абай атамыздың ақылы- бізге үлгі” тақырыбы бойынша 177 мектеп-гимназиясының 1 сынып оқушылары шағын көрніс көрсетті. Мақсаты: – Оқушыларға Абай Құнанбайұлының шығармашылығын жас ерекшеліктеріне сай таныстыру; – Абайдың қара сөздері мен өлеңдері арқылы адамгершілікке, еңбекке, білімге деген қызығушылықтарын арттыру; – Балалардың сөйлеу, көркем орындау қабілеттерін дамыту; – Ұлы тұлғаға деген құрмет пен ұлттық рухты таныстыру ​https://youtu.be/FWcxPePXxdQ​​​
Қалалық тамыз кеңесінде өз тәжірибелерімен бөлісті
29
тамыз
2025
Қалалық тамыз кеңесінде өз тәжірибелерімен бөлісті
Қалалық тамыз кеңесінде әріптестеріміз өздерінің тәжірибесімен бөлісіп алғыс хатпен марапатталды: Ақылбеков Рамазан Алимбаева Гүлзинат Сарсенова Айнұр Құтты болсын!!!
Қазақстан Республикасының Оқу - Ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың " Білім беру ісінің құрметті қызметкері" атты төсбелгісі
20
тамыз
2025
Қазақстан Республикасының Оқу - Ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың "
" Білім келешегі: адал азамат , кәсіби маман" атты педагогтерге арналған  қалалық тамыз кеңесінде ағылшын тілі пәні мұғалімі Сахитова Кенжегуль Слямжановна Қазақстан Республикасының Оқу - Ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың " Білім беру ісінің құрметті қызметкері" атты төсбелгімен марапатталды , қажырлы еңбек пен сапалы жұмыстың нәтижесінде жеткен жетістігіңіз құтты болсын! Басқа да әріптестерімізге жұғысты болсын! Сізге мықты денсаулық пен шабыт тілейміз! Білім ордамыздың мерейі асқақтай берсін!
Республикалық XXVІ " Абай оқулары "  байқауының жеңімпазы
23
маусым
2025
Республикалық XXVІ " Абай оқулары " байқауының жеңімпазы
Республикалық XXVІ " Абай оқулары "  байқауының (Семей қаласы, Абай ауылында өтті)  " Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары " бағыты бойынша III орын иегері 8- сынып оқушысы Жартыбай Жібек, бұл байқау халықаралық деңгейдегі байқау болды, себебі Өзбекстан, Тәжікстан, Монғолия және Қырғызстан мемлекеттерінен 130дан астам қатысушылар қатысты.Жарайсыз Жібек! Биік белестеріңіз көп болсын!  Жетекшісі Нарыбекова Фариза