«Отбасы бақыт мекені» тақырыбында 8 сынып оқушылары арасында
15.05.2026ж.Алматы қаласы, Жетісу ауданына қарасты № 177 мектеп –гимназиясында «Отбасы бақыт мекені» тақырыбында 8 сынып оқушылары арасында эссе байқауы өтті. Отбасы – бақыт мекені . Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.