Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
9 “Ә” сыныбында  “Ынтымақ - достық кепілі" тақырыбында сынып сағаты өтті.
27
сәуір
2026
9 “Ә” сыныбында “Ынтымақ - достық кепілі" тақырыбында сынып сағаты
27.04.2026ж 9 “Ә” сыныбында “Ынтымақ - достық кепілі" тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: 1-мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі туралы түсінік беру. Татулық достықтың маңызын түсіндіру. Сабақта елміздің гимні орындалып, оқушылар топқа бөлінді. Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл, сұрақтар қойылды. топтар сұрақтарға жауап берді. Мақал-мәтелдердің түсіп қалған сөздерін тауып 3 тілдегі баламасын айтты. Қорытындылап "«Менің елім – бірліктің мекені» Қысқа эссе жазылып, оқушылар ойлары
10 «Б» сыныбында «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» құндылығына сәйкес сынып сағаты өткізілді.
27
сәуір
2026
10 «Б» сыныбында «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» құндылығына
27.04.2026ж.күні 10 «Б» сыныбында «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» құндылығына сәйкес сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушыларға еңбекқорлық пен кәсіби біліктіліктің адам өміріндегі маңызы түсіндірілді. Оқушылар еңбек ету арқылы жетістікке жетуге болатынын, әрбір мамандықтың өзіне тән жауапкершілігі бар екенін талқылады. Сонымен қатар, болашақта өз мамандығын дұрыс таңдап, білім мен біліктілікті үнемі жетілдіріп отыру қажеттігі, салауатты өмір салтын сақтау керектігі айтылды.
Кіші жасөспірімдер арасында Алматы қаласының чемпионатында 177 мектеп-гимназиясының 3 “Ж” сынып оқушысы Заурбек Алиасқар жүлделі 2-орынды иеленді.
25
сәуір
2026
Кіші жасөспірімдер арасында Алматы қаласының чемпионатында 177
25.04.2026ж күні 180 ЖББ мектепте өткен асық ату спортынан кіші жасөспірімдер арасында Алматы қаласының чемпионатында 177 мектеп-гимназиясының 3 “Ж” сынып оқушысы Заурбек Алиасқар жүлделі 2-орынды иеленді. 27-31.05.2026ж Атырау қаласында өтетін ҚР-ның чемпионатына жолдама алды. 2 “Б” сынып оқушысы Заурбек Алихан “ Мергендігімен көзге түскені үшін” марапатталды. Жаттықтырушы: Жетилбаев Асхат Сайынович
Асық ату (бес асық) спортынан кіші жасөспірімдер арасында Алматы қаласының чемпионатында 177 мектеп-гимназияның  4сынып оқушылары жүлделі орын иеленді
25
сәуір
2026
Асық ату (бес асық) спортынан кіші жасөспірімдер арасында Алматы
25.04.2026ж күні 180 ЖББ мектепте өткен асық ату (бес асық) спортынан кіші жасөспірімдер арасында Алматы қаласының чемпионатында 177 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушылары: Джандосқызы Ару жүлделі 1-орын; Бектас Аяжан 2-орын; Бақтияр Інжу 3-орын; 3 “ З” сынып оқушысы Мақұлбек Қазына белсене қатысқаны үшін марапатталды. Аталған оқушылар 27-31-05.2026ж Атырау қаласында өтетін ҚР-ның чемпионатына жолдама алды. Жаттықтырушы: Тұрлыбекова Жібек Дүйсеханқызы
№177 мектеп-гимназия ұжымы  республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілікке белсене қатысты.
25
сәуір
2026
№177 мектеп-гимназия ұжымы республикалық экологиялық акциясы аясында
25.04.2026 жылы №177 мектеп-гимназия ұжымы республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілікке белсене қатысты. Аталған шара Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен ұйымдастырылып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаттарын насихаттауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға бағытталған. Сенбілік барысында мектеп ұжымы өздеріне бекітілген аумақта санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, мектеп ауласы мен оған іргелес аймақтарды қоқыстан
2 "Ә" сынып оқушылары әр жұма сайын "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған мақсатпен ұлттық киімдерін толық киіп жүреді.
24
сәуір
2026
2 "Ә" сынып оқушылары әр жұма сайын "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы
№177 мектеп-гимназиясының 2 "Ә" сынып оқушылары әр жұма сайын "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған мақсатпен ұлттық киімдерін толық киіп жүреді. Мақсаты: ұлттық киімдердің сән-салтанатын көрсету, насихаттау және ұлттық бірлікті нығайту. Балаларды патриоттық сезімге бөлеп, елді, жерді сүюге шақыру. Сынып жетекшісі: Анисова Ғалия Төлендіқызы
"Бақыт құшағында..." атты жас мамандардың шығармашылық қойылымы
24
сәуір
2026
"Бақыт құшағында..." атты жас мамандардың шығармашылық қойылымы
Бұл тек концерт емес, бір отбасының  өмірін  тамашалайсыздар...  Отбасы-шағын мемлекет. Отбасы-бақыттың мекені. Ал бұл қойылым — қарапайым екі жастың кездесуінен басталған, армандармен, қиындықтармен және шынайы сезімдермен өрілген өмір жолы. Кейде бір көзқарас —үлкен тағдырдың бастауы болады... Кейде бір кездесу — бүкіл өмірді өзгертіп жібереді...   Олай болса мектеп-гимназиямыздың  жас мамандарынан құрылған «Жас мамандар» атты театры  Бақыт құшағында... сахналық қойылымын  тарту етті!
"Гүлдерге жаңа үй"  5–6 сынып оқушыларының қолымен жасалған ерекше жұмыс.
24
сәуір
2026
"Гүлдерге жаңа үй" 5–6 сынып оқушыларының қолымен жасалған ерекше
Мектепті гүлдендіру акциясы. "Гүлдерге жаңа үй" 5–6 сынып оқушыларының қолымен жасалған ерекше жұмыс. Оқушылар гүлдерді жаңа құмыраларға отырғызып, оларды сыртқа орналастырды. Табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлықтың керемет үлгісі. Әрбір гүл – мейірім мен еңбектің жемісі Бұл жұмыста бөлме гүлдері сыртқы ортаға бейімделіп, ілмелі құмыраларға орналастырылды. Табиғат аясында гүлдердің әсем көрінісі артып, оларға күтім жасау жалғасын табуда. Мақсаты – өсімдіктерге дұрыс жағдай жасау,
11 "В" сынып оқушылары Ашық есік күнінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барып қайтты.
24
сәуір
2026
11 "В" сынып оқушылары Ашық есік күнінде Әл-Фараби атындағы Қазақ
№177мектеп-гимназияның мұғалімі әрі 11"в" сынып жетекшісі Якияева Абира Алдашевна 11-сынып оқушылары: 1.Мағзум Қарақат 2.Нурболқызы Нұрсая 3.Ким Томирис 4.Уразбекова Аружан 5.Тоқан Нұрдана Осы оқушылар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Ашық есік күніне" барып қайтты.
Математикалық-жаратылыстану бағытындағы пәндердің мектепішілік семинары
23
сәуір
2026
Математикалық-жаратылыстану бағытындағы пәндердің мектепішілік
«Мектепке өзгеріс енгізу» тобының жоспары аясында «Математика, информатика және физика» және «Жаратылыстану ғылыми пәндер» бірлестіктері мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын жетілдіру» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – оқушылардың өз ойын еркін жеткізу, пікір алмасу, топта тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту жолдарын қарастыру. Іс-шара барысында мұғалімдер тәжірибе алмасып, түрлі әдіс-тәсілдер мен белсенді оқыту стратегияларын