«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
№177 мектеп-гимназиясында балаларға зорлық-зомбылықтың түрлері және оның психоэмоционалды жағдайына әсері туралы түсінік беру. Оқушыларға құқықтары мен міндеттерін таныстыру мақсатында 7-8-сынып оқушыларына «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында ақпараттық дәріс берілді.
Іс-шара барысында қатысушылармен зорлық-зомбылықсыз балалық шақтың маңыздылығы, жеке тұлғаның дамуына зорлықтың әсері туралы әңгімелесу болды.Тақырып аясында бейнеролик көрсетіліп,оқушылар өз ойларымен бөлісті. Әр оқушыға өзін-өзі қорғау, зорлық-зомбылықтың алдын алу және балалар арасындағы құрметті қарым-қатынасты дамыту туралы ақпараттар айтылды.
Сонымен қатар зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін қандай шаралар қолдану керектігі туралы маңызды кеңестер берілді.
Ұйымдастырушы педагог-психологтар:Калаова Г.А,Иманбекова М.М.


