Мектеп-гимназия мәртебесін алу бойынша эксперименттік алаң жұмысының қорытындысы бойынша қалалық семинар » №177 Жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп-гимназия мәртебесін алу бойынша эксперименттік алаң жұмысының қорытындысы бойынша қалалық семинар
05
сәуір
2024

Мектеп-гимназия мәртебесін алу бойынша эксперименттік алаң жұмысының қорытындысы бойынша қалалық семинар

Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылдан бері мектеп –гимназия мәртебесін алуға байланысты эксперименттік алаңда жұмыстар атқарып келеді және осы уақытқа дейін арнайы талдамалық жұмыстар жүргізілді. Соның нәтижесінде 2024 жылдың 26 наурызында № 177 жалпы білім беретін   мектеп базасында «Кәсіби құзыреттілікті дамыту арқылы нәтижеге бағытталған оқыту негізінде білім сапасын арттыру» атты тақырыпта  қалалық семинар өткізілді. Семинар  QR  кодпен тіркелуден басталды. Бұдан соң “Әл-Фараби” әлемі,  “Абай” әлемі, “Ыбырай” кабинеті,  “Пушкин, Шекспир” әлемі, “Алаш” әлемі, “Жетістіктер” әлемі және “Балалық шақтың бақыт мекеніне саяхат” атты әлемге бөлінген пән кабинеттерінде жалғасын тапты. “Әл-Фараби” әлемінде мұғалімдер өздерінің инновациялық әдіс-тәсілдерімен бөлісті және түрлі платформалармен таныстырды. Оқушыларға арналған фойеде түрлі роботтардың әрекетін көрсетіп, роботтар программасын қалай құру керектігін мектеп оқушылары түсіндірдң.   Қалалық, республикалық ғылыми жобалардан орын алған оқушылар өздерінің жұмыстарын таныстырды, жобада қамтылған жұмыстарды  тәжірибеде  көрсетті. “Абай”  әлемінде   Абай, Зере, Ұлжандарды  қойылым барысында сомдап, ерекше әсер қалдырды. Абайдың әсем әнін келген қонақтармен бірлесе орындау кешке өзіндік ерекшелік қосты. “Ыбырай” кабинетінде тарих мұғалімдері өз жұмыстарымен бөлісе отырып, қонақтармен  әсерлі әрі көңілді сергіту сәттерін өтті. Ағылшын   тілі бірлестігінің жұмыстары да ойдағыдай жүзеге асты. “Оқуға құштар мектеп” жобасы бойынша орыс тілі мен ағылшын тілі мұғалімдері тілге жетік, шетел мамандарымен байланыс жасау бағытындағы жұмыстарымен бөлісті. Ақпараттық құзіреттілікті еркін меңгерген мұғалімдер электронды  QR код арқылы оқылатын  түрлі кітаптар дайындап, ұсынды. Жаратылыстану әлеміне саяхат жасалынды. Онда химия, биология пәндерінен түрлі зертханалық жұмыстар көрсетіліп, жасыл желек болған жылыжайдың көгалдандыру жұмыстары, зертханалық жұмыстар ұсынылды. Мектеп кітапханасында химия пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыратын платформаларды талдап, түрлі лабораториялық іс-тәжірибелер жүзеге асты. Оқушылар зертхана жұмыстарын түсіндірді. Мектеп басшысы “Жетістіктер”  әлемінде мектеп мақтаныштары болған мұғалімдер мен оқушылардың жетістігін атап өтті. Мұғалімдер бөлмесінде мектеп басшысы оқу-тәрбие үдерісін дамытуға байланысты жасалынған жұмыстармен таныстырып, кәсіби байқаулардың жеңімпазы болған мұғалімдердің жұмыстарына тоқталды. Мектепте жасалынатын жұмыс жоспарлары мен даму жүйесі бойынша іске асырылып жатқан жұмыстар туралы түсіндірілді.  Семинар қонақтары оқушылардың қолымен жасалынған бірқатар жұмыстардан ұйымдастырылған көрме жұмысын  тамашалады. “Балалықтың бақыт мекеніне саяхат” жасаған семинарға келушілер бастауыш сынып мұғалімдерінің  жұмыстарымен таныса отырып, сабақта қолданылатын заманауи оқытудың әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдалану жолдарын көрді. 
Сонымен қатар әр бірлестік жетекшісі өз бірлестіктерінде атқарылған  жұмыстарға тоқталды. Кәсіби конкурстардың жеңімпазы болған оқушылар мен мұғалімдердің жұмысына шолу жасалып, бірлесе жасалған жұмыстың  нәтижелі болатынын баса айтты. 
Мектептегі пән кабинеттерінің барлығы заман талабына сай жабдықталған. Оқушылардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалынғандығы байқалады. Мектеп оқушыларының үзілісін  тиімді ұйымдастыру оқушының сұранысын қанағаттандырады. 
Семинарға  келушілерді  мәжіліс залында мектеп директоры эксперименттік алаң бойынша жасалған жұмыстармен, мектепте жүргізіліп жатқан жобалармен, оқушылардың ғылыми қоғамымен таныстырды. Оқу-тәрбие процесіндегі атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарды атап өтті. Мектеп-гимназия статусын алуға  лайықты  көптеген дәлелдерді келтірді. Гимназия  статусын алған жағдайда болатын оң өзгерістерге тоқтала отырып,  SWOT  талдау жасау барысында жұмыстың оң тұстарына, нақты  қадамдарына, мүмкіндіктеріне тоқтала отырып, толық ақпарат берді. 
Бұл семинарда мектеп мұғалімдері кәсіби жетілген, мақсаты айқын, ақпараттық технологияны меңгерген, әр сабағында оны түрлендіре қолдана білетіндіктерін дәлелдеді. Оқушылар ізденімпаз, ғылыми қызығушылықтары жоғары дәрежеде екендіктерін анық көрсете алды. 
Келген сараптама мүшесі мен  басқа да қатысушылар  өздерінің пікірлерімен бөлісті. Шараның  жоғары деңгейде өткізілгендігін бағалай отырып, мұғалімдердің шеберлігіне тәнті болды. Мектеп-гимназия статусына лайықты жұмыстарға  оң баға берді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: