Құзіреттілік бағыты бойынша Педагогикалық шеберлік орталығының аудандық семинары » №177 Жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құзіреттілік бағыты бойынша Педагогикалық шеберлік орталығының аудандық семинары
05
сәуір
2024

Құзіреттілік бағыты бойынша Педагогикалық шеберлік орталығының аудандық семинары

16.02.2024ж. № 177  жалпы білім беретін мектепте Құзіреттілік орталығының  
« Педагогикалық шеберлік »  бағыты бойынша  " Жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы педагогтың кәсіби шеберлігін шыңдау ” атты тақырыпта Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген  «Жол картасы» бойынша  аудан көлемінде жетекші мектеп деп танылып,  осы бағытта  алғашқы жұмыс жоспары жүзеге асырылып , аудандық семинар өткізілді. Семинарға ауданнан сексенге жуық мұғалімдер келіп , мектептің тәжірибелі мұғалімдерінің семинар-коучинг сабақтарына қатысып, өздерінің керемет пікірлерін білдірді. Семинарда арнайы бағдарлама жасалып, мектеп директоры Танатов Тұрсын Танатұлы бұл жобаның мақсат, міндеттерімен таныстырып, мектеп жайлы біраз ақпараттарға тоқталып, кешенді жұмыс жүргізіліп жатқандығын айтты. Мектептің мақтанышы болатын, жетістіктермен таныстырып, қонақ болып келген әріптестер төртке бөлініп,  түрлі сабақтарға  қатысты. Сабақтар төмендегідей тақырыптарда жүргізілді. 
«Бізбен бірге бренд ұстаз бол» атты тәжірибемен бөлісу Спикерлер: Адилбеков Алмаз  Муратович, Әбдірәсіл Саян Жақыпұлы,   Сейсенбек Бауыржан Бекболатұлы
«Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуда инновациялық  әдіс-тәсілдердің тиімділігі.»  Спикерлер: Жумаева Нургул Оразовна, Байтулеева Нағима Мадиярбекқызы
«Ұлттық құндылықтарды оқыту дағдысында қолданудың тиімді жолдары»    . Спикерлер: Игиликова Нурсулу Зейнегабыловна, Каримова Меруерт Кадртаевна«Оқушыларда 4К дағдыларын дамытудың тиімді әдістері.» Спикерлер:  Сакеева Гульхан Жаманбаевна Курымбаева Жанар Темирхановна
«Мұғалімнің кәсіби бренді және педагогикалық қызметтің сәттілік атмосферасын құру жолдары»  Спикерлер:  Адилбеков Алмаз Муратбекович, Әбдірәсіл Саян Жақыпұлы, Жанабаева Мадина Аскарбековна
Қорытынды “Кері байланыс кемелдендіреді”.     Спикер:  Директордың оқу – ісі  жөніндегі орынбасары Смаилова Сәбира Әбдумүтәліқызы.Келген семинар қонақтары семинардан алған тамаша әсерлерімен бөлісіп, өз ризашылықтарын білдірді. Семинар аудан көлемі бойынша келген әріптестердің жақсы пікірлері мен көзқарастарынан  жоғары деңгейде өткендігін көрсетеді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: