Құзіреттілік орталығы бойынша Педагогикалық бағыттағы жоспарлы екінші аудандық семинар » №177 Жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құзіреттілік орталығы бойынша Педагогикалық бағыттағы жоспарлы екінші аудандық семинар
05
сәуір
2024

Құзіреттілік орталығы бойынша Педагогикалық бағыттағы жоспарлы екінші аудандық семинар

27.03.2024.күні мектепте Құзіреттілік бойынша " Педагогикалық шеберлік " бағыты аясында " Оқытудың инновациялы технологиясы- білім көкжиегін кеңейтеді" атты аудандық  семинар болып өтті. " Тәжірибелі , инновациялы кабинеттерге саяхат " атты бөлім бойынша мектептің заманауи үлгіде жабдықталып, шеберлігімен бөліскен мұғалімдермен, өздерінің зерттеу жұмыстары мен тәжірибе көрсеткен оқушылардың жауаптарына риза болып , кәсіби, білікті мұғалімдердің семинар сабақтарына қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Абдреш Аяулым мен Якияева Абира “Оқуға деген ынтаны арттыру: заманауи тәсілдер мен тәжірибелер” деген тақырыпта өз тәжірибелерімен бөліссе,  ағылшын тілі пәні мұғалімдері Каримова Меруерт пен Сахитова Кенжегуль "4К дағдыларын дамыту-сапалы жұмыс жасаудың тиімділігін арттыру жолы"   тақырыбында өз шеберліктерін көрсетіп, тәжірибе алмасты,  бастауыш сынып мұғалімдері Анисова Галия мен Кутжанова Мейрамкуль  "Инновациялық оқыту  технологиясының оқу процесінде қолданылу ерекшеліктері " , биология пәнінің мұғалімі Нартбаева Айгуль мен химия пәнінің мұғалімі  Нургожаева Ардақ                " Жаратылыстану ғылыми пәндерінде тиімді инновациялық тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру" деген тақырыпта түрлі оқытудың белсенді әдіс- тәсілдерін сабақта қолдана отырып, білім сапасын арттыруға оң әсер беретінін өздерінің тәжірибелерінен дәлелдеді. Семинар соңында келген қонақтар өздерінің кері байланыстарын берді: семинар- сабақтар керемет өтті, барлық әдіс- тәсілдер жүйелі қолданды, мұғалімдер өздерінің білікті, ізденімпаз екендіктерін көрсетті деп өз ойларын білдіріп, жоғары деген баға беріп , алғыстарын білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: