3 "Е" сыныбында математика пәнінен ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты: Разрядтан екі рет аттап өту арқылы үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдана алады.Сабақтың барысы: Сабаққа психологиялық дайындық. Қазақтың танымал жазушылары арқылы топтарға бөлінді. Өткен тақырыпқа шолу, «Ойлан, тап» тәсілі арқылы жаңа тақырып ашылды. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға байланысты арнайы «Сиқырлы есік», «Кім жылдам» тәсілдерін қолданып, тапсырмалар жүргізілді. Ақшалай білімдері бағаланып, сабақ соңында алған ақшаларына «Жақсылық жасай білейік» қорына ақшаларын салып , өздеріне керекті заттарды сатып алу арқылы сабақ аяқталды. Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділіктері жоғары болды. Сабаққа қатысқан ұстаздардан, Бүгінгі ашық сабқатан алған әсеріңіз? Сұрағы арқылы кері байланыс жүргізілді.Ұсыныс: өткізген ашық сабақты баспа беттеріне жариялау.