«Кітап неден жасалады?» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. » №177 Жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Кітап неден жасалады?» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
13
наурыз
2023

«Кітап неден жасалады?» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

4 «З» сыныбымен Рахметова М.С әдебиеттік оқу пәнінен  «Кітап неден жасалады?» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: Таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, сюжеттер енгізу. Мәтіндегі көркемдегіш құралды анықтау. Мәтінге жаңа кейіпкер қосып, мәтінді аяқтау.Сабақтың басында, оқушылар бір-бірімен амандасып, орындарына отырады. Топқа бөліну үшін тақтаға шығып оюлы қаламдарын алады. Әр оқушы өз орнын тауып, орындарына отырады. Топтарға бөлінді. Wordwoll программасы арқылы үй тапсырмасы сұралды. Әр топ екі ұяшықтан таңдап, жауап беріліп отырды. Әр сұраққа топ басшысы ұпай санын жазып отырды. Жаңа сабақты ашу мақсатында алдын-ала дайындалып келген тапсырма оқушыларға берілді. Әр топ жұптаса отырып, сұраққа жауап берді.  Оқушылар жаңа сабақпен танысты Арнайы видеоролик көрсетілді. Оқушылардан видеороликтен не түсінгенін сұралды.  Әр топ мәтінді тізбектеп оқыды. Мәтін бойынша топтық жұмыс орындалды. 1-топ “Шығарма тізбегін”құрды2-Топ “Мәтінге талдау” жасады. 3-Топ “Мәтінге жаңа кейіпкер қосып, жағымды пікірмен оқиғаны аяқтады. Әр топ жасаған жұмыстарын қорғап, оқушыларға түсіндірме жүргізді.  Сергіту жаттығуы. «Жаңбыр жауды» әдісі арқылы оқушылар саусақ маторикасын дамыту мақсатында жаттығу жасалынды. “Синквейн” әдісі.  Яғни мәтін бойынша 5 жолды өлең құрастырады.Әр топтан екі оқушыдан шығып құраған өлеңдерін оқиды. Жұмыстарын тексеріп ұпай жинайды. ҚБ: әрбір дұрыс тапсырма 1 ұпай алып келеді.«Өзін-өзі бағалау» парақшасын толтырады. Толтырылған парақтар жинақталып, мұғалімнің пікірі жазылады. Рефлексия, “Тик ток “әдісі арқылы бүгінгі сабақтан кейінгі көңіл-күйлерін смс хабарлама арқылы жолдап, кері байланыс жасалынды. Сабақ жақсы өтті.Оқушылар белсенді қатысты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: