Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 3 «Ж» сынып оқушыларымен Макулбекова Эльмира Бақытжанқызы қазақ тілі пәнінен «Сын есім» тақырыбында ашық сабақ өтті.
29
наурыз
2023

3 «Ж» сынып оқушыларымен Макулбекова Эльмира Бақытжанқызы қазақ тілі пәнінен «Сын есім» тақырыбында ашық сабақ өтті.

3 «Ж» сынып оқушыларымен Макулбекова Эльмира Бақытжанқызы қазақ тілі пәнінен «Сын есім» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта интербелсенді тақта, презентация, үлестірмелі тапсырмалар, тақырыпқа байланысты көрнекіліктер, Word woll бағдарламасындағы тапсырмалар тиімді пайдаланылды. Сабақты «Ұнайды және ұнамайды» ойынын ойнатумен   бастады. Бұл ойында оқушыларға екі стикер берілді. Оқушылар бірінші стикерге өзінің ұнататын бір қасиетін, екінші стикерге өзінің ұнатпайтын бір қасиетін жазды. Содан соң, оқушылар ұнайтын қасиеттерін төс қалталарына салып сақтап қойды, ал ұнамайтын қасиеттерін қоқыс жәшігіне тастады. Мұғалім бұл ойынның өзін тақырыппен байланыстырып, бұл қасиеттерге қандай сұрақ қойылатынын анықтап, тақырыпты аша білді

Оқушылар екі түсті гүлдерді таңдай отырып, екі топқа бірікті.                          

1-топ «Қызғалдақтар» тобы, 2-топ «Сарғалдақтар тобы болып топтасты. Оқушылар топтың атауының жалпылама сипатын айтып берді. Алдыңғы білімді еске түсіру үшін  «БИНГО» әдісі арқылы сұрақтарға жауап берді. Оқушыларға осы әдіс өте қатты ұнады. Оқушылар сұрақатарға белсенді түрде жауап берді.  Интербелсенді тақтада сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты таныстырылды. Тақырыпқа байланысты Әбу Насыр Әл-Фараби туралы бейнежазба көрсетілді. Оқушылар бейнежазбаны мұқият көріп, өз түсінгендері бойынша сұрақтарға жауап берді. Сабақта топтық, жұптық, өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар берілді. Балалар «Қызуды өлшегіш» құралы арқылы бағалауды тиімді қолданды. Әр орындалған дұрыс тапсырмаға 1 ұпайдан белгілеп отырды. Соынмен қатар, оқулықпен және дәптермен жұмыс орындалды. Балалар дәптерге күн ретін жазып, берілген ақ, ақкөңіл, адал сөздерін жолдың аяғына дейін көркем, әдемі етіп жазды. «Еркін әңгіме»  әдісі арқылы оқулықтағы 53-жаттығу орындалды. Бұл тапсырмада оқушылар алдымен мәтінді түсінікті етіп, дауыстап оқыды. Мұндағы түсініксіз сөздердің мағынасын түсіндіріп, мәтіннен сын есімдерді тапты. Дәптерге 54-жаттығуда берілген Әбу Насыр Әл-Фарабидің нақыл сөздерін көшіріп жазып, сұрақ қою арқылы сын есімдерді тауып, астын ирек сызықпен сызды. «Кім жылдам» ойыны арқылы сергіту сәті орындалды. Яғни, тақтаға сөз таптары жазылған сөмкелер ілініп, оқушылар сол сөмкелерге қарындаштардағы берілген сөздерді орналастырды. Бұл ойынға оқушылардың қызығушылығы артып, белсенді қатысты. «Балық қаңқасы» әдісі арқылы бірінші топқа тапсырма берілді. Ал, екінші топқа заттың берілген белгілері бойынша атын табу деген тапсырма берілді. Оқушылар бұл тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап шықты. Жұптық жұмыс ретінде жұптар біріге отырып, берілген сын есімдерге бірнеше зат есім тауып жазды. Әр жасалған жұмысқа түсініктеме беріліп, оқушылар бірін-бірі тыңдап, ой-пікірлерін ортаға салды. Кері байланыс «Пицца» әдісі арқылы жүзеге асырылды. Яғни, оқушылар пицца бөліктерін алып, әр бөлікте жазылған сұрақтарға белсенді жауап берді. Оқушылар сабаққа қызыға қатысып, белсенділік танытты.Сабақ өз мақсатына жетті. Уақытты тиімді пайдаланды. Сабақ соңында оқушылар жинаған балдарын санап, бағаланды. Сонымен қатар, «Қоржындағы асықтар» әдісі арқылы оқушылар сабақтан нені түсінгендерін тиісті асықты таңдау арқылы білдірді. Сабақ жақсы өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: