Көбейту мен бөлудің белгісіз компоненттерін табуға берілген есептер тақырыбында ашық сабақ өтті.
2 «А» сынып оқушыларымен Көрпебаева А.К математика пәнінен Көбейту мен бөлудің белгісіз компоненттерін табуға берілген есептер тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты: Көбейту мен бөлудің белгісіз компоненттерін табуға, кері есептерді құрастыру және шығару, тура және жанама сұрақтары болатын есептерді («бірнеше бірлік артық/кем», «бірнеше есе артық/ кем» қатынастарымен байланысты) бір-бірінен ажырату.Көбейту мен бөлуге берілген есептерге қатысты таңдаған амалдарын негіздеу, шығару әдісін түсіндіру.
Барлық оқушылар бөлудің белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді өрнек, теңдеу түрінде шығарады.
Көптеген оқушылар берілген сызбаларды пайдаланып, есептер шығарады, кері есептер екенін түсіндіреді.Кейбір оқушылар кері есептерді кесте түрінде салыстырады, өзара кері есептер екенін дәлелдейді, кері есептер құрады, білімін практика жүзінде қолданады.Өткен сабақты қайталау мақсатында «Тарсия» ойынын ойнатады. Сабақ барысында топтық,жұптық жұмытар жасалды.Оқушылар белсенді қатысты.
«Жасырын сөз» әдісі (wordwall)Көп әріптің ішінен әшекей бұйымдардың аттарын табу.Жасырын сөздер: шашбау, алқа, білезік, қапсырма, сырға, белдік,тұмар,жүзік Сабақты «Шыр айналдыр» ойыны арқылы қорытады.(wordwal)Рефлексиялық-бағалау кезеңі «Смарт сағат» әдісіОқушылар жинаған жетондарын санап, сол санға сәйкес қолдарындағы сағат арқылы өзін-өзі бағалады.Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті.Ұсыныс: өткізілген ашық сабақты баспа беттеріне жариялау.