«Ағылшын тілін оқытуда тыңдап-түсінудің рөлі мен маңыздылығы» атты семинар » №177 Жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ағылшын тілін оқытуда тыңдап-түсінудің рөлі мен маңыздылығы» атты семинар
21
сәуір
2023

«Ағылшын тілін оқытуда тыңдап-түсінудің рөлі мен маңыздылығы» атты семинар

 «Ағылшын тілін оқытуда тыңдап-түсінудің рөлі мен маңыздылығы» атты семинарды ағылшын тілі пәні мұғалімдері Каримова Меруерт, Тлепина Луиза, Шинасилова Назым және Үрімбаева Бота жүргізді. Бұл семинар тыңдап-түсінуге үйретуді дұрыс ұйымдастыру, тыңдап-түсінуде кездесетін қиындықтардан шығу жолдарын меңгеру, дұрыс тыңдай-түсіне білуге үйрету,тыңдап-түсіну барысында берілген тапсырмаларды шеберлікпен орындай білу біліктілігін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            














«Wake up» әдісі бойынша қатысушыларға. T-CHART әдісі бойынша тапсырма: 24 сағаттың ішінде естіген-тыңдаған ақпарат-жаңалықтарыңызды бірінші бағанға 3-4 ақпара жаздыртып, ақылды тақтадағы жауаптармен жазған ақпараттар сәйкестендірілді.   

Бұл тапсырмада Абай Құнанбаевтың «Жаз» өлеңді мұқият тыңдап,тірек сөздерді тауып және сұрақтарға жауап беру деңгейлерін байқау мақсатында орындатылды.









Келесі тапсырма фильмдердегі кейіпкерлердің дауысынан 5 фильмнен үзінді  тыңдаттырылып, қай фильм екенін шешу керек. Содан соң «Тақиялы періште»   мен «Титаник» фильмдерінен үзінді көрсетіліп, осы көрсетілген  фильмдерді интерпретациялау мақсатында орындатылды. 








Содан соң, қазақша 5 өлеңді тыңдаттырып, атауларын тапқан соң, топтарға «Көзің әдемі» әнін тыңдаттырып, Сover нұсқасында орындаттырылды. 

Келесі сергіту сәтінде әртүрлі дыбыстардың үнін тыңдаттыру   арқылы ненің немесе кімнің үні екенін тез арада табу керектігі айтылды. 

Соңғы тапсырмада суреттер таратылып, сол суреттегі іс әрекет ауызша ағылшын тілінде айтылып, сол әрекеттерді мимикамен көрсету барысында алдарында жатқан суреттерден сол іс әрекетті тез тауып, көрсетулері сұралды. Семинар қатысушыларына бағалау мақсатында,   ағылшын тілінде мәтін,өлеңдер тыңдап жүрсін деп құлаққап –наушник сыйақы ретінде берілді.Семинар спикерлері келесі болатын шығармашылық есеп беретін спикерлерге сәттілік тіледі.


















                              

  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: