«Рахмет саған, Әліппе» атты әліппемен қоштасу мерекелік кеші өтті.
177 мектеп-гимназиясында 1 «Е» сыныбында «Рахмет саған, Әліппе» атты әліппемен қоштасу мерекелік кеші өтті. Бұл мерекелік кештің басты мақсаты: оқушылардың алғашқы оқулығы Әліппенің бала өміріндегі ерекше орнын таныту, бірінші сыныпта алған білімдерін қорытындылау және оқуға деген ынтасын арттыру. Міндеттері: •Оқушылардың сауат ашу барысында меңгерген білімдерін көрсету; •Әріптер мен дыбыстарды дұрыс танып, еркін оқи білу дағдыларын дамыту; •Кітапты қадірлеуге, білімге құштар болуға тәрбиелеу;