Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Наурыз 2026 года » Страница 5
«Тәуелсіздік және отаншылдық» құндылығы аясында сынып сағаты өткізілді.
10
наурыз
2026
«Тәуелсіздік және отаншылдық» құндылығы аясында сынып сағаты
«Тәуелсіздік және отаншылдық» құндылығы аясында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың елге деген сүйіспеншілігін арттыру, Тәуелсіздіктің қадірін түсіндіру және отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру. Сабақ барысында оқушылар тәуелсіз елдің болашағы өз қолдарында екенін түсініп, Отанға адал қызмет ету – әр азаматтың парызы екенін ұғынды. 🇰🇿 Тәуелсіздік – елдің ең басты құндылығы! 🇰🇿 Отанды сүю – әр жүректің міндеті! #ТәуелсіздікЖәнеОтаншылдық #БіртұтасТәрбие
3"В" сыныбында қазақ тілінен "Сын есім" тақырыбында ашық сабақ өтті.
10
наурыз
2026
3"В" сыныбында қазақ тілінен "Сын есім" тақырыбында ашық сабақ өтті.
"Ұлттық құндылықтар -тәрбие негізі" атты бастауыш бірлестігінің онкүндігіне орай 10.03.2026 жылы 3"В" сыныбында қазақ тілінен "Сын есім" тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты: Сөйлем ішінен сын есімді тауып, сұрақ қою. Ұлттық құндылықтарды оқу-тәрбие үдерісінде қолдана отырып оқушыларды ұлтжандылыққа, салт-дәстүрімізді құрметтеуге баулу. Сабақта оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер, жасанды интелект ( ЖИ) мүмкіндіктері пайдаланылды. Оқушылар берілген тапсырмаларды
2-сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақ халқының әндері мен күйлері» тақырыбында іс-шара өткізілді.
10
наурыз
2026
2-сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақ халқының әндері мен күйлері»
177 мектеп-гимназиясында 2-сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақ халқының әндері мен күйлері» тақырыбында іс-шара өткізілді. Оқушыларды ұлттық өнерге баулу мақсатында «Балаларды ұлттық музыкалық аспаптармен таныстыру, ән айту, күйлер тыңдау арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу». Жауапты мұғалімдер: Куленбекова С.Е, Мейрамтаева Д., Бекмуратова Г., Жүндібай С., Жакина А.
Мектебімізде Алматы Жолаушылар Көлігі және Технология колледжінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
10
наурыз
2026
Мектебімізде Алматы Жолаушылар Көлігі және Технология колледжінің
2026 жылдың 10 наурыз күні мектебімізде Алматы Жолаушылар Көлігі және Технология колледжінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге мектебіміздің 9-сынып білім алушылары қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға орта арнаулы білім беру ұйымдары туралы ақпарат беру, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар көрсету және кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу болды. Кездесу барысында колледж өкілдері оқу орны туралы толық мәлімет беріп, колледжде дайындалатын мамандықтар, оқу
Бастауыш бірлестігінің онкүндігіне орай 0"а", 0"ә", 0"б" сыныптары оқушыларының қатысуымен "Шалқан"ертегісі қойылымы қойылды.
09
наурыз
2026
Бастауыш бірлестігінің онкүндігіне орай 0"а", 0"ә", 0"б" сыныптары
⚜️"Ұлттық құндылық-тәрбие негізі"⚜️ атты бастауыш бірлестігінің онкүндігіне орай 0"а", 0"ә", 0"б" сыныптары оқушыларының қатысуымен "Шалқан"ертегісі қойылымы қойылды. ⚜️Мақсаты: Оқушыларды қазақтың халық ертегілерімен таныстыру. Бірлік пен ынтымақтың, бір-біріне көмектесудің маңызын түсіндіру. Оқушылардың сахналық мәдениетін, сөйлеу мәнерін және актерлік қабілетін дамыту. Кейіпкерлердің рөлін сомдау арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру. Ұжыммен жұмыс істеуге, достыққа және үлкендерді
Бастауыш сыныптар онкүндік апталығы аясында 4-сынып оқушылары "Салт дәстүр күні" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
06
наурыз
2026
Бастауыш сыныптар онкүндік апталығы аясында 4-сынып оқушылары "Салт
Бастауыш сыныптар онкүндік апталығы аясында 4-сынып оқушылары "Салт дәстүр күні" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. 📔Мақсаты-балаларға салт-дәстүрді көрсете отырып, өз еліне, жеріне және ұлттық мұрасына деген мақтаныш сезімін ояту;Жанұялық құндылықтарды, бата беру, жөн-жоралғы жасаудың тәрбиелік мәнін ұғындыру. Іс-шараны ұйымдастырушылар: Джунусбекова Н. Избасарова Г. Жұмабекова Э. Ниязова Ж. Маратова А.Мукыжанова А.
2 "Ә" сыныбында "Сыйынар ем, Ана деген тәңірге" атты ертеңгілік өтті.
06
наурыз
2026
2 "Ә" сыныбында "Сыйынар ем, Ана деген тәңірге" атты ертеңгілік өтті.
№177 мектеп-гимназиясының 2 "Ә" сыныбында 06.03.2026ж. күні "Сыйынар ем, Ана деген тәңірге" атты ертеңгілік өтті. Мақсаты: Балалардың анаға деген сүйіспеншілік пен махаббатын арттыру. Ананы қадірлеу, сыйлау, аялау сияқты жақсы қасиеттерін дамыту. Сонымен қатар іс -шара барысында ана жайлы айтылған тақпақтар, өлеңдер, билер, қойылған көрініс арқылы балаларды ұлтжандылыққа, мейірімділікке тәрбилеу. Сынып жетекшісі: Анисова Ғалия Төлендіқызы
9 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Заң және мен» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
06
наурыз
2026
9 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Заң және мен» тақырыбында
6 наурыз күні мектебімізде 9 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Заң және мен» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты – оқушылар арасында өз құқықтарын білудің маңыздылығын дәріптеу және қазіргі қоғамдағы заңның рөлін талдау. Іс-шара барысында оқушылардың қазіргі қоғамдағы құқықтары мен міндеттері талқыланды. Оқушылар дөңгелек үстел барысында белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. #ЗаңЖәнеМен #ҚұқықтықСауаттылық #ҚұқықтықТәрбие #МектепӨмірі
8-наурыз Аналар күніне орай ұйымдастырылған  мерекелік іс-шарамызда 6 "Б" сыныбы аналарына жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді.
05
наурыз
2026
8-наурыз Аналар күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шарамызда 6
8-наурыз Аналар күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шарамызда 6 "Б" сыныбы аналарына жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді. Шәкірттеріміз аналарына деген шексіз махаббаты мен құрметін жылы сөздер, әсерлі ән-билерімен жеткізді. Ана-мейірімі өмірдің шуағы! Барша аналарды мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұйымдастырушы 6"Б" сыныбы оқушылары мен сынып жетекшісі Сабитова Ж.С.
10"А"сынып оқушылардың қатысуымен аналар мерекесіне орай «Ана жүрегі – мейірім мекені» атты мерекелік іс-шара өтті
05
наурыз
2026
10"А"сынып оқушылардың қатысуымен аналар мерекесіне орай «Ана жүрегі
177 мектеп-гимназиясында 05.03.2026 күні 10"А"сынып оқушылардың қатысуымен аналар мерекесіне орай «Ана жүрегі – мейірім мекені» атты мерекелік іс-шара аналарды құрметтеу, олардың мейірімі мен бала тәрбиесіндегі ерекше орнын дәріптеу мақсатында өткізілді. Шара барысында оқушылар аналарға арналған өлеңдер оқып, жүрекке жылы тілектер айтып, әндер орындады. Іс-шара өте әсерлі өтіп, аналарға қуаныш сыйлап, оқушылардың анаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыра түсті. 🌷