Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде Алматы Жолаушылар Көлігі және Технология колледжінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
10
наурыз
2026

Мектебімізде Алматы Жолаушылар Көлігі және Технология колледжінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.

2026 жылдың 10 наурыз күні мектебімізде Алматы Жолаушылар Көлігі және Технология колледжінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге мектебіміздің 9-сынып білім алушылары қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға орта арнаулы білім беру ұйымдары туралы ақпарат беру, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар көрсету және кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу болды.
Кездесу барысында колледж өкілдері оқу орны туралы толық мәлімет беріп, колледжде дайындалатын мамандықтар, оқу үдерісі, қабылдау шарттары, оқу-тәжірибелік базасы және студенттердің мүмкіндіктері туралы түсіндірді. Сонымен қатар, білім алушыларға болашақта сұранысқа ие мамандықтар жөнінде айтып, колледжге түсу талаптары мен құжат тапсыру тәртібі жайлы ақпарат берілді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, колледждің білім беру мүмкіндіктері, студенттік өмір, тәжірибелік сабақтар және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы жауаптар алды. Кездесу мазмұнды әрі танымдық деңгейде өтті және білім алушыларға мамандық таңдауда пайдалы ақпарат берілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: