Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме-профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
20
қаңтар
2026

Мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме-профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

2026 жылғы 20 қаңтарда №177 мектеп-гимназиясында мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме-профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Түсіндірме жұмыстары барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287-бабы — қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы жан-жақты мәлімет берілді.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерде жүруіне тыйым салынатыны, мектеп аумағында және мектептен тыс жерлерде күш көрсетуге жол бермеу, әлімжеттік (буллинг) фактілерінің алдын алу, бөтен адамның денсаулығына қасақана зиян келтірмеу және мектептің ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Аталған түсіндірме жұмыстарын майор полиции, жедел уәкіл, мектеп инспекторы Бутабеков Аязбек Байбалаұлы және полицияның аға лейтенанты Кыркабаев А.А. жүргізді.
Түсіндіру жұмыстарының негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтауға баулу және мектеп ортасында қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау.
#құқықбұзушылықтыңалдыналу
#мектепқауіпсіздігі
#заңжәнетәртіп
#тәрбиежұмысы
#287бап
#буллингкежолжоқ
#жасөспірімдерқауіпсіздігі
#мектепинспекторы
#almaty_adal_azamat




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: