Қыздар жиналысы » №177 Жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
қазан
2023

Қыздар жиналысы

2.09.23 күні № 177 жалпы білім беретін мектепте “Қыз бала-ұлттың ұяты, халықтың шырайы” тақырыбында мектеп қыздар кеңесінің төрайымы К.С.Сахитова және көмекшісі Н.С.Қанатбекованың ұйымдастыруымен №1 қыздар жиналысы 5-6 және 7-8-сыныптар арасында болып өтті. 
Мақсаты: Халықтық тәлім-тәрбие негізінде қазіргі қазақ қыздарының бойында жан сұлулығын қалыптастыру жолдарын көрсете отырып, тазалық пен әдепке үйрету, жоғары сыныпқа бейімделуін, құқық бұзушылық пен қауіпсіздіктің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары, сұрақ-жауап, ашық пікір айту жүзеге асты. 
14.09.23 күні “Жер жұмағы-ен дала, ел сұлуы-қыз бала” тақырыбында №1 қыздар жиналысы 9-10-сыныптар арасында болып өтті. Қыздар жиналысында мектеп қыздар кеңесінің төрайымы К.С.Сахитова жылдық жоспармен таныстырып, сұлулық пен денсаулықты сақтаудың, саламатты өмір сүрудің басты қағидаларын ұстануды, қоғамдағы білім беру және тәрбие мәселелерін ұлттық құндылықтармен сабақтастыру, болашақ ұлт анасы ретінде қыздарды отбасы өміріне даярлау туралы сөз қозғады. Сонымен қатар жиналыста мектебіміздің психологы А.К.Крамова қыздармен профилактикалық түсіндірме жүргізіп, «Ашу,ыза мен агрессиядан арылу» жолдарына бағытталған тренингтер мен сұрақ-жауаптар өткізді. Мектебіміздің медбикесі М.М. Мергенбаева жеке бас гигиенасы-ол күнделікті денсаулықты сақтап, оны нығайтуға бағытталған шара екенін, аурудың алдын алу шараларымен, тән, дене, шаш күтімі, дұрыс киіне білу, мектеп формасын сақтау керектігіне тоқталды. Жиналыс сырласу ретінде өтіп, оқушылар жақсы көңілмен тарқады.
 Сонымен қатар оқушылар арасында әлімжеттік пен буллингтің алдын алу мақсатында анонимді түрде қызмет көрсететін QR код барлық кабинеттерге ілінгендігі жайлы мәлімет берілді. QR код арқылы білім алушы өз өтініші мен шағымын жасырын түрде жеткізе алады. Мектеп әкімшілігі түскен өтініштер мен шағымдар бойынша шаралар қолданады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: