06
ақпан
2026
«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында тәрбиелік кездесу өтті.
06.02.2026ж. күні мектебімізде Алматы қаласы Жетісу ауданының Прокуратура өкілдері — Жанаберген Жансерик Женисұлы және Джумабаева Ақбөбек Докторбекқызы қатысуымен №177 мектептің 9–10 сынып оқушыларымен «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында тәрбиелік кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға жасөспірімдер арасындағы жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлері, олардың салдары, сондай-ақ қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы жан-жақты түсіндірме берілді. Прокуратура өкілдері заң талаптарын сақтау, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әр азаматтың рөлі жөнінде нақты мысалдар арқылы әңгімелеп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Іс-шараның мақсаты — жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыстық жауапкершілік туралы дұрыс түсінік қалыптастыру және өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.