Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Пионер» бизнес орталығы ғимаратында 11-сынып оқушыларына арналған «Ашық есік» күні өткізілді.
18
ақпан
2026

«Пионер» бизнес орталығы ғимаратында 11-сынып оқушыларына арналған «Ашық есік» күні өткізілді.

2026 жылғы 18 ақпан күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істер агенттігі-нің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ұйымдастыруымен Алматы қаласында орналасқан «Пионер» бизнес орталығы ғимаратында 11-сынып оқушыларына арналған «Ашық есік» күні өткізілді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге мемлекеттік қызмет саласының маңыздылығын түсіндіру, жастар арасында адалдық, әділдік және кәсібилік қағидаттарын насихаттау, сондай-ақ болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру болды. Іс-шараға Алматы қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің 11-сынып оқушылары қатысып, мемлекеттік қызметтің құрылымы, атқаратын функциялары және қызметке қабылдану тәртібі туралы кең көлемде ақпарат алды.

Кездесу барысында департамент өкілдері мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі рөліне тоқталып, мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар, конкурстық іріктеу кезеңдері, заңнама талаптары, сондай-ақ қызметтік әдеп нормалары туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар қатысушыларға мемлекеттік қызметке кірудің заманауи тетіктері, цифрландыру үдерістері, кадрлық резервке іріктеу шарттары және жастар тәжірибесі бағдарламалары жөнінде мәліметтер берілді.

Іс-шара интерактивті форматта өтіп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Ашық диалог алаңында мемлекеттік қызметтің артықшылықтары, мансаптық өсу мүмкіндіктері және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар талқыланды. Бұл өз кезегінде жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, азаматтық жауапкершілігін нығайтуға ықпал етті.

Сонымен қатар оқушыларға департаменттің қызмет бағыттары таныстырылып, мемлекеттік басқару жүйесінің құрылымы мен жұмыс істеу қағидаттары түсіндірілді. Кездесу соңында қатысушыларға алдағы уақытта жоғары оқу орындарын таңдау кезінде мемлекеттік басқару, құқықтану және мемлекеттік саясат салаларына назар аудару ұсынылды.

Аталған «Ашық есік» күні оқушылар үшін тағылымды әрі мазмұнды шара болып, олардың болашақ кәсіби бағдарын айқындауға, мемлекеттік қызмет саласына деген қызығушылығын арттыруға және ел дамуына үлес қосуға деген ынтасын қалыптастыруға зор ықпал етті.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: