19
ақпан
2026
9–10 сынып ұлдарының қатысуымен «Ұлдардың батылдығы мен мінез-құлқы – болашақ көшбасшының кепілі» тақырыбында тәрбиелік жиын өтті.
19.02.2026 күні мектебімізде 9–10 сынып ұлдарының қатысуымен «Ұлдардың батылдығы мен мінез-құлқы – болашақ көшбасшының кепілі» тақырыбында тәрбиелік жиын өтті. Жиынның басты мақсаты – жасөспірімдердің бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, жауапкершілік сезімін дамыту және өзін-өзі тәрбиелеудің маңызын түсіндіру болды.
Жиынды мектеп директоры Т.Т. Танатов ашып, өз сөзінде ұлдардың мінез-құлқы мен жауапкершілігінің өмірдегі орнына, ар-ұят пен тәртіптің маңыздылығына тоқталды. Директор жасөспірімдерді құқық бұзушылыққа бармауға, заңға бағынуға және дұрыс мінез-құлыққа тәрбиелеудің қажеттігін ерекше атап өтті.
Бірінші бөлімде ар-ұяттың адам өміріндегі орны сөз болды. Ар-ұят – әр адамның ішкі күзетшісі. Ол ұлдарды жағымсыз қылықтардан, теріс әрекеттерден сақтайды. Адалдық, намысшылдық, уәдеге беріктік – нағыз азаматтықтың белгісі екені түсіндірілді.
Келесі бөлімде салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану мәселесі қаралды. Денсаулық – ең үлкен байлық. Спортпен шұғылдану, зиянды әдеттерден аулақ болу, уақытты тиімді пайдалану – болашаққа берік негіз қалады. Дұрыс тамақтану мен күн тәртібін сақтау – тек дененің ғана емес, ойдың да сергектігін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар «Мен өзімді көпшілік ортада қалай ұстап жүрмін?» деген тақырыпта ой талқы ұйымдастырылды. Оқушылар қоғамдық орындардағы тәртіп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, сондай-ақ құқық бұзушылықтан аулақ болудың маңызын талқылады. Әркім өзін сырт көзбен бағалап, мінез-құлқына сын көзбен қараудың қажеттілігін түсінді.
Жиын қорытындысында көркем мінездің адамды биікке жетелейтіні, тәрбиелі, білімді және дені сау ұлдар – ел болашағы екені ерекше айтылды. Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер жасөспірімдердің дұрыс бағытта қалыптасуына үлкен ықпал етеді.#БатылҰлдар
#КөшбасшыБолашақ
#ДұрысМінез
#СалауаттыӨмір
#ЖасҰрпақ#ТәрбиелікЖиналыс
#9_10Сынып
#ҰлдарЖиналысы
#ҚұқықБұзушылықтанАулақ