Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қауіпсіздік – басты құндылық.
06
сәуір
2026

Қауіпсіздік – басты құндылық.

Қауіпсіздік – басты құндылық

Қауіпсіздік – әрбір адамның өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі. Бүгінгі таңда оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, түрлі қауіп-қатердің алдын алу – мектеп пен қоғамның ортақ міндеті.

Осы мақсатта 10 «Б» сынып оқушыларымен «Қауіпсіздік – басты құндылық» тақырыбында тәрбиелік сағат өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері, құқық бұзушылықтың алдын алу, төтенше жағдайларда өзін-өзі қорғау жолдары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, жауапкершілік пен тәртіптің маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Мұндай тәрбиелік шаралар жас ұрпақтың саналы, сақ әрі жауапты азамат болып қалыптасуына зор ықпал етеді.

Сынып жетекші: Бейсембекова Ш.Н.

#Қауіпсіздік
#ТәрбиеСағаты
#ҚауіпсізОрта
#БіртұтасТәрбие



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: