Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың және зиянды әдеттердің алдын алу бағытында жүргізілген профилактикалық түсіндіру жұмыстары
30
наурыз
2026

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың және зиянды әдеттердің алдын алу бағытында жүргізілген профилактикалық түсіндіру жұмыстары

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың және зиянды әдеттердің алдын алу бағытында жүргізілген профилактикалық түсіндіру жұмыстары туралы

30.03.2026 ж. күні №177 мектеп-гимназиясында 9–10 сынып оқушылары арасында жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің, соның ішінде есірткі және психотроптық заттарды қолданудың алдын алу, сондай-ақ қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында түсіндірме-профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылып, өткізілді.

Түсіндіру жұмыстарын мектеп инспекторы Қыркабаев А. жүргізіп, оқушыларға есірткі заттарының адам денсаулығына, жүйке жүйесіне және психологиялық жағдайына тигізетін зияны туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар есірткіге тәуелділіктің жеке тұлғаның өміріне, оқу үлгеріміне және болашақтағы мүмкіндіктеріне кері әсері нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.

Іс-шара барысында білім алушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы, зиянды әдеттерден аулақ болу, бос уақытты тиімді ұйымдастыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттігі жөнінде кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, мектептің ішкі тәртіп ережелерін орындау және қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттігі ерекше атап өтілді.

Қауіпсіздік ережелері бойынша оқушыларға мектеп аумағында және одан тыс жерлерде жеке қауіпсіздікті сақтау, бөгде адамдармен қарым-қатынаста сақ болу, төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік талаптарын орындау, жол қозғалысы ережелерін сақтау, сондай-ақ қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен бірге кез келген қауіпті жағдай туындаған кезде ата-аналарға, мұғалімдерге немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлау керектігі ескертілді.
Кездесу барысында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, олардың белсенділігі мен қызығушылығы байқалды.

Жүргізілген профилактикалық жұмыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың және зиянды әдеттердің алдын алу, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және білім беру ұйымында қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру болып табылады.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: