06
сәуір
2026
📢 Алматы қаласы №177 мектеп-гимназиясында қалалық сейсмикалық жаттығу өткізілді

Алматы қаласы №177 мектеп-гимназиясының оқушыларымен қалалық сейсмикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылып, өткізілді.
Сейсмикалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – оқушылардың төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру, эвакуациялау жолдарын және қауіпсіз орындарды алдын ала анықтау, сондай-ақ апаттық чемодандарды дайындау дағдыларын қалыптастыру болды.
Жаттығу барысында «Назар аударыңыз!» дабыл белгісі берілген кезде оқушылар сабыр сақтап, белгіленген тәртіп бойынша ғимараттан қауіпсіз түрде эвакуацияланды.
Қалалық сейсмикалық жаттығуға оқушылар белсенді қатысып, ұйымшылдық пен жауапкершілік танытты. ✅
#СейсмикалықЖаттығу
#Қауіпсіздік
#ТөтеншеЖағдай
#Эвакуация