10
сәуір
2026
12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай мектебімізде «Ғарыш әлеміне саяхат» тақырыбында ерекше іс-шара ұйымдастырылды.
12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай мектебімізде «Ғарыш әлеміне саяхат» тақырыбында ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, ғарыш тақырыбында макеттер, суреттер және түрлі жобалар дайындап әкелді.
Көрмеге қойылған жұмыстардың әрқайсысы оқушылардың ізденісі мен қиялының кеңдігін, ғылымға деген қызығушылығын айқын көрсетті. Ғарыш кемелері, планеталар жүйесі, болашақ технологиялар бейнеленген туындылар көпшілік назарына ұсынылды.
Іс-шара соңында белсенділік танытып, үздік жұмыстарымен ерекшеленген оқушылар марапатталып, алғыс хаттар табысталды. Бұл күн оқушыларға ерекше әсер сыйлап, олардың ғылым мен ғарышқа деген қызығушылығын арттыра түсті.
Осындай танымдық әрі тәрбиелік мәні зор шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп сенеміз.
Ғарышқа деген қызығушылық-болашаққа деген қадам.
Іс-шара тәлімгер Пердебай Қаршыға және Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткізілді. Көңілді қоңырау барысында оқушылар сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты. Сонымен қатар, сурет салу сайысы бөлек ұйымдастырылып, фотозона жасақталды.