Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5 "А" сынып оқушыларымен «Көркем шығарма – тіл байлығының көзі» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
14
мамыр
2026

5 "А" сынып оқушыларымен «Көркем шығарма – тіл байлығының көзі» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.

Алматы қаласы Жетісу ауданы №177 мектеп-гимназиясында мемлекеттік тілді қолдау және оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, сынып жетекші Амирова А. К. 5 "А" сынып оқушыларымен «Көркем шығарма – тіл байлығының көзі» тақырыбында танымдық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында оқушылар сыныппен жыл бойы қызыға оқыған «Ақ желкен» журналындағы қызықты мақалалар мен тәрбиелік мәні бар шығармалар туралы пікір алмасты. Сонымен қатар көп кітап оқудың адамның ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытып, сөйлеу мәдениетін қалыптастырудағы маңызы жөнінде өз ойларын ортаға салды. Оқушылар өздеріне ұнаған кейіпкерлер мен шығармалар туралы әсерлерімен бөлісіп, көркем әдебиеттің адам тәрбиесіндегі орнына тоқталды.

Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру, ана тілінің мәртебесін насихаттау, сондай-ақ жазғы демалыс уақытында көркем әдебиет оқуға баулу. Іс-шара барысында қазақ тілінің ұлт руханияты мен мәдениетінің негізі екендігі айтылып, мемлекеттік тілді білу мен құрметтеу әр азаматтың парызы екені түсіндірілді.
Кітап оқу – тіл байлығын дамытып қана қоймай, оқушының дүниетанымын кеңейтетін, рухани құндылықтарды бойына сіңіретін маңызды құрал екендігі ерекше атап өтілді. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар арқылы оқушылардың кітапқа, білімге және мемлекеттік тілге деген қызығушылығы арта түсуде.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: