14
мамыр
2026
5-6 сыныптар арасында «Отбасылық дәстүрлер» атты мектепішілік сурет көрмесі өтті.
14.05.2026 күні 5-6 сыныптар арасында «Отбасылық дәстүрлер» атты мектепішілік сурет көрмесі өтті.
Көрме оқушылардың отбасы құндылықтарын, ұлттық тәрбиені және ұрпақ сабақтастығын бейнелейтін шығармашылық жұмыстарының жиынтығы. Көрмеде балалар өз суреттері арқылы отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сыйластығын, мейірімін, қамқорлығын және қазақ халқының салт-дәстүрлерін әсерлі түрде көрсетті.
Әр туындыда туған үйге деген сүйіспеншілік, ата-анаға құрмет, ұлттық мерекелер мен отбасылық мерейлі сәттер көрініс тапқан. Көрме оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға және отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.
Бұл көрме – отбасының қоғамдағы маңызын насихаттай отырып, оқушыларды ұлттық рух пен адамгершілікке тәрбиелейтін тәрбиелік мәні зор шара.
Ұйымдастырған: көркем еңбек пәні мұғалімі Сағат Т.Қ.
#Отбасылыққұндылықтар