2"Ә"сыныбында Тұлымшақова С.Қ әдебиеттік оқу пәнінен "Жүн сабау. Киіз басу" тақырыбында ашық сабақ өтті. » №177 Жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2"Ә"сыныбында Тұлымшақова С.Қ әдебиеттік оқу пәнінен "Жүн сабау. Киіз басу" тақырыбында ашық сабақ өтті.
10
наурыз
2023

2"Ә"сыныбында Тұлымшақова С.Қ әдебиеттік оқу пәнінен "Жүн сабау. Киіз басу" тақырыбында ашық сабақ өтті.

2"Ә"сыныбында Тұлымшақова С.Қ әдебиеттік оқу пәнінен  "Жүн сабау. Киіз басу" тақырыбында ашық сабақ өтті. Шаттық   шеңбері арқылы бір-бірімізге тілек айтып, бүгінгі көңіл-күйімізді білдірді. Өткен тақырыптарды қайталау мақсатында "Wordwall" әдісін пайдаланды. Оқушылар дөңгелекті айналдыра отырып, өзіне қойылған сұраққа жауап беріп отырды. "Бесік жыры" өлеңінің екі жолы берілген, қалған екі жолын үйде өздері құрастып келу тапсырылған, оқушылар құрастырып келген өлеңдерін жатқа айтты. Жаңа тақырыпқа қызығушылығын ояту мақсатында оқушылардың назарын киіз үй ішіндегі жабдықтарды айтып беруін сұрады. Сонымен қатар "сырмақ" қалай жасалатыны туралы сұрады. Ол үшін "Білемін, білдім, білгім келеді" әдісі арқылы оқушылар білетіндерін айтты. Мысалы: сырмақ жүннен жасалатынын, жүнді біз төрт түлік малдан алатынымызды айтты. Осы екі өлеңнің авторы Қастек Баянбайдың суретін көрсетіп, ақын туралы қысқаша түсіндіріп өттім. Бірінші өлеңнің аудиосын тыңдаттым, түсінгендері бойынша сұрақтар қойды.Өлеңдерді оқушыларға оқытып шықты. Сырмақтың жасалу жолын видеодан көрсетті. Өлеңде кездескен асар,сабау,киіз сөздеріне түсіндірме сөздік жұмысын жүргізді. Сырмақтың жасалу жолын санамалап айтып шығу тапсырылды.Оқушылар жасалу жолын, демек видеодан көргендерін айтып шықты. Дәптермен жұмыс жүргізілді. Дәптерде берілген суреттерге назар аударып, соның ішінде жүннен жасалған заттардың аттарын жазып шықты. Сабақ соңында екі өлеңді салыстыру мақсатында "Венн диаграммасын" пайдаланды. Оқушылар өлеңдердегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды айтты. Сабақ ортасында сергіту сәті жүргізілді, киіз басудың элементтерін сергіту сәтінде қолданды. Сабақ соңында рефлекция жүргізілді.Сабақта қолданылған "Білемін, білдім, білгім келеді" әдісін  пайдалана отырып, оқушылар бүгінгі сабақта не білгендерін ортаға салды, киіз басу, жүн сабау туралы тағы не білгілері келетіндерін қағазға жазып кестеге ілді. Оқушылардың сабаққа қатысуы бағаланып отырылды, демек кері байланыс жүргізіліп отырды.Оқушылардың сабаққа ынтасы жақсы болды, белсенді араласып отырды.Дарынды, талантты оқушылармен жұмыс жүргізілді.Сабақта оқушылар белсенді қатысып,өз ойларын еркін жеткізе білді. Сабақ жақсы деңгейде өтті.Ұсыныс: ашық сабақты баспа беттеріне жариялау.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: