Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
2-7 сыныптарға арналған  "ЗЕРДЕ" ғылыми жобасының аудандық кезең жеңімпаздары
16
қаңтар
2026
2-7 сыныптарға арналған "ЗЕРДЕ" ғылыми жобасының аудандық кезең
2-7 сыныптарға арналған "Зерде" республикалық байқауының аудандық кезеңінде  50 жұмыстың 34 - і антиплагиат тексеруден сәтті өтіп, оның ішінде 19 оқушы жүлделі орынмен марапатталды, 8 оқушы қалалық кезеңге өтті!
Республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының 9-11 сыныптар бойынша аудандық кезең жеңімпаздары
15
қаңтар
2026
Республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының 9-11 сыныптар
9-10-11 сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, Қазақстан тарихы, биология, химия, физика, информатика, география, құқық негіздері   пәндерінен болды, нәтижесінде 33 оқушы қатысып, 18 оқушы жүлделі орын алды, бес оқушы қалалық кезеңге жолдама алды!
Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сыныптардың аудандық олимпиадасы
14
қаңтар
2026
Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сыныптардың
Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сыныптардың аудандық олимпиадасы қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, жаратылыстану, Қазақстан тарихы  пәндерінен болды, нәтижесінде 9 оқушы жүлделі орын алып,3 оқушы қалалық кезеңге жолдама алды. 
Республикалық жалпы білім беретін пәндер олипиадасы
13
қаңтар
2026
Республикалық жалпы білім беретін пәндер олипиадасы
Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сыныптардың аудандық олимпиадасы қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, Қазақстан тарихы, география, биология, физика, химия, информатика  пәндерінен болды, нәтижесінде 13 оқушы жүлделі орын алып,2 оқушы қалалық кезеңге жолдама алды. 
“Smart Bala-2025” жобасы
27
қараша
2025
“Smart Bala-2025” жобасы
27.11.2025 ж күні Алматы қаласы, Жетісу ауданы №102 мектепте өткізілген “Smart Bala-2025” жобасы аясында білім алушылардың қоршаған кеңістікті жақсарту жөніндегі идеялары бойынша форсайт-сессияның аудандық кезеңінде 9-сынып оқушыларынан құралған “ЭкоЖИ” командасы 1-орын иеленді.Құттықтаймыз.
"Екінші өмір" сәндік қолданбалы өнер байқауы
27
қараша
2025
"Екінші өмір" сәндік қолданбалы өнер байқауы
Жалпы білім беретін ұйымдарының оқушылары арасында өткен аудандық  "Екінші өмір" атты сәндік қолданбалы өнер байқауының жеңімпаздары 9-сынып оқушысы ІІІ орын Даулеткелды Құралай, жетекшісі Акылбекова Шолпан, 5-сынып оқушысы Бақытжан Набира ІІІ орынмен марапатталды, жетекшісі Сағат Толғанай. 
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай өткізілген қалалық сурет байқауы
26
қараша
2025
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай өткізілген қалалық сурет байқауы
Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың  ғылыми әдістемелік орталығы ұйымдастырған Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай сурет байқауында 10-сынып оқушысы Назан Інжу ІІІ орынмен марапатталды, жетекшісі Акылбекова Шолпан.  
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының аудандық кезеңі
13
қараша
2025
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық жалпы білім беретін
12-13.11.2025ж. күні 5-6 сыныптарға арналған республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының аудандық кезеңі  біздің білім ордамызда болып өтті. Біздің ауданымызға қарасты 21 мектептен келген оқушылар  қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, орыс тілінде оқытатын мектептердегі  қазақ тілі, қазақ  тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, жаратылыстану, Қазақстан тарихы, математика пәндерінен болып өтті. 
6-сыныптар үшін жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының мектепішілік кезеңі
06
қараша
2025
6-сыныптар үшін жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының
6.11.2025ж. күні 6-сыныптарға арналған республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың мектепішілік кезеңі болып өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, Қазақстан тарихы, жаратылыстану пәндерінен болды, нәтижесінде хаттамаға сәйкес І орын алған оқушылар аудандық кезеңге жолдама алды. Қалған балаларға мектеп директорының грамотасы табысталады. Ауданға өткен балаларға сәттілік!  
5- сыныптар үшін жалпы білім беретін республикалық пәндер олимпиадасы
05
қараша
2025
5- сыныптар үшін жалпы білім беретін республикалық пәндер олимпиадасы
5.11.2025ж. күні 5-сыныптарға арналған республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың мектепішілік кезеңі болып өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, Қазақстан тарихы, жаратылыстану пәндерінен болды, нәтижесінде хаттамаға сәйкес І орын алған оқушылар аудандық кезеңге жолдама алды. Қалған балаларға мектеп директорының грамотасы табысталады. Ауданға өткен балаларға сәттілік!