Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 27.01.2026 жылы Алматы қаласындағы Полиция академиясының 1–2 курс курсанттары мектебімізге арнайы іссапармен келді
27
қаңтар
2026

27.01.2026 жылы Алматы қаласындағы Полиция академиясының 1–2 курс курсанттары мектебімізге арнайы іссапармен келді

27.01.2026 жылы Алматы қаласындағы Полиция академиясының 1–2 курс курсанттары — Жұмаш Рамазан, Баймуратов Рамазан және Нұрахметов Алихан мектебімізге арнайы іссапармен келді. Кездесу барысында қонақтар оқушыларға өздері білім алып жатқан Алматы полиция академиясы туралы жан-жақты ақпарат берді.

Курсанттар академиядағы оқу үдерісі, білім беру жүйесінің ерекшеліктері, тәртіп пен жауапкершілік талаптары, күнделікті курсанттардың өмірі мен тұрмысы жайлы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар болашақ мамандарды дайындаудағы академияның рөлі, құқық қорғау саласындағы қызметтің маңыздылығы мен абыройы туралы түсіндіріп өтті.

Кездесу барысында полиция академиясына оқуға түсу шарттары, талап етілетін құжаттар, медициналық және дене дайындығына қойылатын талаптар, ҰБТ нәтижелері мен іріктеу кезеңдері жайлы нақты мәліметтер берілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, курсанттардан толық әрі түсінікті жауаптар алды.

Бұл кездесу оқушылар үшін өте пайдалы әрі танымдық сипатта өтті. Іс-шара барысында оқушылар болашақ мамандықтарын таңдауға бағыт-бағдар алып, құқық қорғау саласына деген қызығушылықтары арта түсті. Курсанттардың өмірлік тәжірибесі мен шынайы әңгімелері оқушыларға үлкен әсер қалдырды.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: